150
өндіреді. Т- жасушаларының (соның ішінде Тх), моноциттердің,
В-лимфоциттердің
және эозинофилдердің хемотаксисін күшейтеді. Базофилдердің ішінен гистаминнің
босап шығуына (либерациясына) ықпал етеді.
EOTAXIN (эотаксин)
- β-хемокиндер тұқымдастығына жатады, 8-9 кДа
молекулалық салмағы бар.
Эндотелиалды жасушалары, альвеолалық макрофагтары,
жүрек, өкпе, ішек, айырша без, көк бауыр, бауыр және бүйрек жасушаларын өндіреді.
Эозинофилдердің хемотаксисын күшейтеді.
LYMPHOTACTIN (лимфотактин)
- α-хемокиндер тұқымдастығына жатады,
10 кДа молекулалық салмағы бар. Тимоциттер мен белсендірілген
Т- жасушаларымен
өндіріледі. Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді.
NEUROTACTIN
(fractalkine,
нейротактин)
-
дельта-хемокиндер
тұқымдастығына жатады, жасуша мембраналарымен байланысты хемокиндердің
жалғыз түрі. Көбінесе, ми, өкпе және жүрек
жасушаларының мембранасында
экспрессияланады. Эндотелиалды жасушалардың бетінде нейротактиннің жоғары
деңгейде экспрессиялануы қан ағымынан лейкоциттерді,
Т-лимфоциттерді және
моноциттерді келтіруде зор маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: