Барлық Т-лимфоциттердің 60%-ы хелперлiк қызметi бар жасушалар
құрайды және 15%-ын Т-киллер/супрессорлар құрайды. Алты жасқа дейінгі
балаларда жалпы лимфоциттер санынан Т-хелпер (СD4+) 30-40%-ын және Т-
киллер/супрессор (СD8+) 25-32%-ын құрайды, ал абсолюттік көрсеткішi
(1,02-1,84х10
9
/л және 0,81-1,52х10
9
/л) тең. 12-14
жаста бұл көрсеткіш
ересектер көрсеткiшiне сәйкес келеді.
Өмiрдiң
алғашқы
жылдарында
В-лимфоциттердiң
(CD20
+
)
салыстырмалы саны қанда бiршама төмендеген 21-28%, ал абсолюттiк
мөлшерi едәуiр жоғары (0,74-1,33), ересектерге қарағанда.
Жаңа туған нәрестелерде анасынан алынған IgG арқасында пассивтi
иммунитет басым болады, бiрақ өмiрдiң бiрiншi айларында антиденелердi өзi
түзе бастайды. Өмiрдiң алғашқы жылдарында баланың қанында IgM, IgG
иммуноглобулин кластарының мөлшерi жоғарылайды, кейiн мөлшерi
бiршама ғана өзгередi. Жаңа туған баланың кiндiк қанында IgM және IgG, ал
IgА және IgЕ сирек анықталады.
Нәрестенің қан сарысуындағы IgM
мөлшері ересек адамдардың
деңгейiнен 10%-ын (0,43 г/л) құрайды. 1-3-шi айдан кейін 60-65% - ке
дейін
көбейеді, ал 1-2 жаста ересек адамның деңгейіне (1,08-1,2 г/л) жетеді. Бірақ
бұл жаста оның маңызды тербелістері болуы мүмкін. 6-9 жастағы денi сау
балалардың көбісінде жалпы IgM деңгейi тұрақтанып, ересек адамдардың
деңгейiне жетедi.
Нәрестенің қан сарысуындағы IgG мөлшері ересек адамдардың
мөлшерiне сәйкес, бірақ 1-2 айдан кейін бастапқы деңгейiнен 30-40% дейін
азаяды (5,0-7,5г/л). Содан соң ол біртіндеп көбейеді, 6-шы айында 45%, 8-10
айында 62%, 6 жаста 90% (10,8-11,0г/л), тек 9-12 жаста ғана ересек
адамдардың деңгейiне (5,4-16,1 г/л) жетеді. IgG деңгейiнiң қалыптыдан
ауытқуы иммундық жүйенің жағдайын көрсетеді және қауіпті аурудың
себепшісі болуы мүмкін.
Нәрестенің қанындағы сарысулық IgA өмiрдiң алғашқы айларында
болмайды. Біртіндеп оның мөлшерi көбейеді, ол
өмiрдiң бiрiншi жылының
аяғында ересек кезiндегi осы нәруыз деңгейiнiң 1% (0,06г/л) құрайды. 1-3
айында ол әдетте 14 % құрайды; 4-5 айында - 28% , 8-24 айында - 40%, 6
жаста 65% (1,16-1,25г/л) ; 9 жаста - 75% (1,45-1,56г/л) ; 12-13 жаста 90-100%
(0,9-4,5г/л) ересек адамның деңгейінен ( 15-45 жас).
Секреторлық IgA және SC секреторлық фрагменті жаңа туған
нәрестелерде болмайды, ол тек нәрестенің сөлінде өмірінің алғашқы 3-ші
айында анықталады. Сондықтан балаларда жергілікті иммунитеттің
жеткіліксізідігі кездеседі. Бірақ нәресте секреторлық IgA ана сүті арқылы
алады, ол көптеген микроағзалардан шырыты қабатын қорғау үшін жергілікті
иммунитетті туғызады. Жергiлiктi иммунитеттiң толық қалыптасуы 10-12
жасында аяқталады.
Бір жасқа дейінгі балалардың қан сарысуындағы IgE қалыпты
мөлшерінің жиынтығы 3,5-4,0 МЕ/мл аспайды.
Балаларда иммундық жүйесінің қалыптасуы
кезінде критикалық ауысу
кезеңдері болады.
Құрсақішілік критикалық кезең жүктіліктің
8-12 аптасы болып
табылады.
Бұл кезде иммундық жүйе мүшелерінің және жасушаларының
дифференциялануы болады.
Бірінші критикалық кезең -нәрестенің туғаннан кейінгі алғашқы
күндері.
Бұл кезде нәресте ағзасы көптеген антигендермен кездеседі, Т- және
В-лимфоциттердің функционалдық дисбалансы байқалады және тек IgM
түзіледі. Фагоциттердің функционалдық белсенділік күшінің әлсіз болуы
нәтижесінде антигендердің процессингі төмендейді.
Бұл кезеңге ағзаның
шартты-патогенді
грамтеріс
флораларына,
герпес
вирустарына,
цитомегаловирустарға
резистенттілігінің
төмендеуі
байқалады
және
жайылмалы қабыну үрдістеріне (сепсистік жағдайлар) бейім болады.
Екінші критикалық кезең – нәресте өмірінің 3-6 айларына
сәйкес келеді.
Бұл кезеңде анасынан берілген антиденелердің ыдырауы нәтижесінде
пассивтік гуморалдық иммунитеттің нашарлауы. Көптеген антигендерге IgM
басым түзілуімен біріншілік иммундық жауап дамиды. Иммундық жауаптың
бұл түрі тұрақты иммунитетті тудырмайды. Балалар парагрипп вирустарына,
аденовирустарға (пневмония, бронхиолиттерге) сезімтал болып келеді. Бұл
кезеңде тұқымқуалаушылық иммундық тапшылықтар кездеседі.
Үшінші критикалық кезең – нәресте өмірінің екінші жылында
байқалады.
Көптеген антигендерге IgM түзілісі IgG түзілуіне ауысады. Бұл
кезде IgG1 және IgG3 топшаларын түзетін В-лимфоциттердің клондары
дифференцияланады. Осы кезеңге иммундық кешен және аутоиммундық
аурулардың дамуы тән. Балалар қайталама вирустық және микробтық-
қабыну ауруларына бейім болады.
Төртінші кезең - өмірдің 4-6-шы жылдары
. Бұл кезде қанның формалық
элементтерінің екінші реттік қиылысуы болады. IgM және IgG деңгейі ересек
адамдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Бірақ сарысулық IgA деңгейі әлі
төмен, ал қандағы IgE деңгейі өте жоғары болады.
Осы жаста балаларда
атопиялық, паразитарлық және иммундық кешен аурулары жиі кездеседі.
Көптеген созылмалы аурулар дамиды.
Бесінші критикалық кезең – жасөсіпірімдік кезең.
Бұл кезеңде жыныс
гормондарының
өнідірілуінің
жоғарылауы
жасушалық
иммунитеттің
тежелуіне әкеледі, нәтижесінде созылмалы қабыну, аутоиммундық және
вирустық аурулардың өршуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: