4. Қатал тропиктік циклондардың зардап- тары. Тропиктік циклондар айналаны қиратып,
талқандап, көптеген адамдардың өліміне себеп-
кер болды.
1963 жылдың қараша айында Куба қала-
сының үстінен
Флора дауылы өтті. Бес күн бойы тоқтаусыз соққан жел,
жергілікті халыққа шексіз зардаптар әкелді. Дауылдың жылдамдығы 65
м/сек-қа дейін жетті. Биік теңіз толқындары, тропиктік нөсерлер, жел,
су тасқындары өз жолындағы барлық затты қиратып өтті. Флора дауылы
шамамен 5 мың адамның өліміне себепкер болды.
1969 жылдың тамызында Кариб теңізінде пайда болған Камилла да-
уылы алдымен Кубада, содан кейін, АҚШ-та ойран салды. Желдің жыл-
дамдығы 100 м/сек болды. АҚШ елі көп зардап шекті, оңтүстік-шығыста
теңіз курорттары жойылып, адамдар шығыны болды. Жел және судың
әсерінен ғимараттар, көпірлер, айлақтар, телеграф желілері қирады. АҚШ
тарихында Камилла дауылы сияқты жойқын зардап әкелген жел болмаған.
тайфундар – қуатты тропиктік циклондардың қиыр шығыстағы ата-
уы. Дауыл сияқты оның да жойқын энергиясы бар. Күшті тайфундардың
қирату деңгейі өте жоғары.
Ең жойқын апаттар мен адам өлімдері
жағалық аймақтардың кенеттен су басуынан
болады. Осындай жерлердің бірі – Бенгал
шығанағының солтүстік жағалауы. Бұл жерде
дауылды толқындардың биіктігі 10-12 м-ге
жетеді. Жел әсерінен пайда болатын толқын-
дардан Үндістан, Бангладеш сияқты мемлекет-
тер жиі зардап шегеді. Мысалға, 1970 жылы
ең жойқын циклондардың бірінен – шамамен
300 000 адам қайтыс болды.
Апатты қиратулар
цунамимен байланысты.
Әсіресе, Тынық мұхиты үшін бұл өзекті мәселе,
себебі, бұл жерде әлемде тіркелген цунамидің
80%-ы орын алады.