2. дауылдар мен тайфундардың пайда болу мезгілі. Тропиктік цик-
лондар жыл ішінде пайда болады, бірақ, жылы уақыттарда ғана «әрекетін
бастайды». Солтүстік жартышарда олардың көп бөлігі тамыз және қыр-
күйек айларына, ал Оңтүстік жартышарда қыс айларына келеді. Тропик-
тік циклондардың аса көп мөлшерде болатын кезеңін
«дауылдар мезгілі» немесе
«тайфундар мезгілі» деп атайды.
3. Құйын – әдетте сағат тіліне қарсы қозғалатын, ортасында тарылған
ауа бағанасы (тік жоғары немесе аздап еңістеу) бар үлкен энергиялы
(желдің жылдамдығы 100 м/с) атмосфералық қатты жел. Оның диамет-
рі бірнеше он метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Аспаннан төмен
50-сурет . Құйын