92
ның дамуына және жауын-шашынның жаууына жағдай жасайды. Суық
ағыстардың үстінде тұмандар жиі пайда болады.
Судың үздіксіз орын ауыстыруы салдарынан ондағы тіршілік иелеріне
де қажетті қоректік заттар да алмасып тұрады.
Ағыстар ашық мұхитта
және теңіздерде планктондардың,
сонымен
қатар, балықтардың дернәсілдері мен шабақтарын, уылдырықтау орнынан
таралуын анықтайды.
Ағыстар желкенді флот дәуірінде аса зор рөл атқарды, ол қазір де үл-
кен мәнге ие. Теңіз саяхатшылары үшін ағыстардың карталары, олардың
сипаттамасы мен сызбалары жасалынды.
Мұхиттарды ластанудан қорғау жағдайына байланысты қазіргі уақытта
ағыстарды зерттеу маңызды мәселенің біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: