88
су бетіне әсер етіп, оның бөліктерін
тепе-теңдік жағдайға шығарады
да, оларды орбита бойымен (сағат
тілінің бағытымен) бірдей жыл-
дамдықта қозғалуға мәжбүр етеді.
Жел энергиясын жұту арқылы,
толқындар көтеріле береді. Жел
толқын қырларын айналдырған-
да, «
дөңгелектер
» пайда болады.
Желдің жылдамдығы азайғанда,
толқулар басыла бастайды, тек өте
ұзын жайпақ толқындар –
желсіз,
тынық толқындар
– қалады. Биіктігі бірнеше метрге көтерілгенде, олар-
дың ұзындығы бірнеше жүз метрге (840 м) дейін барады.
Желдік толқындар жел арқылы берілетін аса зор энергияға ие. Да-
уылды толқындардың орташа өлшемі: биіктігі 5 м-ге дейін жетеді, ал
ұзындығы 100 м – толқып тұрған беттің әрбір км
2
-не 3 млрд квт энер-
гиядан келеді. Кедергіге соқтығысқанда, толқынның қиратушы күші,
қырқаларының массасының (100 т-ға дейін жетеді) есебінен күшейе береді.
Жағалауды қорғап тұрған толқын тосқындары (арнайы бөгеттер) әрбір
нақты жағдайды есепке алып жасалады. Толқындар тау жыныстарын
бұзады, қираған заттарды жағалауға тасымалдайды және сол жерге жи-
нақтап жағалауын қалыптастырады. Толқын қозғалысының жер бедерін
қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: