90
Теңіз ағыстары жел күшінің су бетіне әсер етуі, ауырлық күші және
судың көтерілуін тудыратын күштердің арқасында пайда болады. Ағыстар
жылы
,
суық
және
бейтарап
болуы мүмкін.
Жылы ағыстар – сол жердегі мұхит суына қарағанда жылырақ бо-
лып келеді. Ал суық ағыстар – оны қоршаған судан суығырақ, бейтарап
ағыстар – ағып өтетін жердегі судың температурасынан айырмашылық
жасамайды. Мысалға, Перу суық ағысының
температурасы Галапагос
аралдары маңында 22
о
С жетеді, бірақ экватор бойындағы беткі сулардың
температурасынан 5-6
о
С-қа төмен.
Атлант мұхиты Экваторға үнемі соғатын желдер Африка жағалауын-
дағы
Солтүстік және Оңтүстік Пассат ағысын
тудырады. Атлант мұ-
хитында ең қуатты ағыстардың бірі –
Гольфстрим
(шығанақтан шыққан
ағын) басталады. Бұл ағыстың ұзындығы – 75-120 км, жылдамдығы –
3-10 км/сағ-қа дейін жетеді. Ол Саргасс аралының жылы суын, және
солтүстіктен келетін суық суларды бөледі. Еуропаның солтүстік-шығыс
жағалауын (45
о
с.е. басталады) шаятын ағыстың
бір бөлігін
Солтүстік
Атлант ағысы
деп атайды. Ол Гольфстрим ағысын солтүстік-шығысқа
қарай жалғастырады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, Сол-
түстік Мұзды мұхиттағы Баренц теңізіне қарай өтеді. Сондықтан да Баренц
теңізі қатпайды. Бұл ағыстың сулары Канар және Жасыл мүйіс аралдары
арасында бірігіп, суық
Канар
ағысын тудырады.
Гренландияның батыс жағалаулары бойымен оңтүстікте Лабрадор
түбегін шаятын суық Лабрадор ағысының бір тармағы өтеді.
Бұл ағыс
Солтүстік Американың жағалауларына айсбергтер әкеледі.
49-сурет
. Мұхиттағы ағыстар
91
Оңтүстік пассат жылы ағысы
солтүстікке қарағанда мықтырақ бо-
лып келеді. Ол шығыстан батысқа қарай 23º
с.е. бойымен Атлант мұхи-
тын кесіп өтіп, Оңтүстік Америка жағалауларында екі ағысқа бөлінеді:
Гвиана(Кариб) және Бразилия.
Дүниежүзілік мұхиттың ғажап ағыстарының бірі –
Батыс Желдер
ағысы.
Бұл қуатты әрі терең (2500-3000 м) ағыс.
Орта жылдамдықпен
(25-30 км/сек) жүре-тұра, ол үш мұхитты кесіп өтеді және оңтүстік суб-
тропиктік айналымдарға барып тұйықталады. Африка жағалауларында
одан солтүстікке қарай
Бенгел және Гвинея ағыстары
бөлініп шығады.
Тынық мұхитында Солтүстік пассат ағысы
10 және 22
о
с.е. ара-
лығында байқалады. Филиппин аралдарында ол үш тармаққа бөлінеді,
оның ең қуаттысы,
Куросио
(Гольфстримға ұқсас) жылы ағысы. Куросио,
Жапон аралдарының шығыс жағалауларын шайып,
Хонсю аралында
шығыс бағытқа бұрылады да,
Солтүстік Тынық мұхит
ағысына айна-
лады. Солтүстік Америка жағалауларында ол
Калифорния және Аляска
ағыстарына бөлінеді.
Батыс Желдер ағысынан Оңтүстік Америка жағалаулары мен сол-
түстікке қарай қуатты суық Перу (Гумбольдт) ағысы бөлініп шығады. Ауа
температурасына қарағанда су температурасы 8-10
о
-тан
төмен.
Үнді мұхитының
солтүстік бөлігінде өз бағытын маусым сайын ауы-
стырып тұратын муссондық ағыстар басты маңызды ағыс болып санала-
ды. Олардың арасындағы ең қуаттылары: жылы ағыстар –
Мадагаскар,
Мозамбик және
суық ағыс
– Сомалий ағысы.
Солтүстік Мұзды мұхиттың ағыстары
қалған мұхиттармен салы-
стырғанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Шығыстан батысқа қарай Еуразия материгінің солтүстік жағалаула-
рының бойымен және солтүстіктен оңтүстікке Гренландия жағалаулары-
ның бойымен соғатын қатты желдер Атлант мұхитына қарай
қалқыма
мұздарды (Дрейф) және беткі су ағыстарын жылжытады. Бұл құбылыс
ағыстарды бір-бірімен байланысқа түсіріп, жаңа айналымдар пайда бо-
лады:
Шығыс Гренландия ағысы
Атлант мұхитына көп мөлшерде суық
ағыс және мұзды алып келеді.
Норвегия ағысы
жылы атлант су ағысын
әкеледі. Нордкап мүйісінде ол материк
бойымен шығысқа бағытталған
Нордкап
және солтүстікке бара жатқан
Шпицберген
ағыстарына бөлінеді.
Беринг бұғазысы арқылы өткен Тынық мұхит сулары, Солтүстік мұзды
мұхитқа жеткенде жеке ағысты қалыптастырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: