5. Судың көтерілу энергиясы. Су-
дың көтерілу энергиясына адамдар
ерте заманнан бері көңіл аударған. Бұл
энергияны қолдану үшін бірінші қон-
дырғылар – диірмендер деп аталды. ХІІ
ғасырдың орта кезінде жетілген қон-
дырғылар пайда бола бастады. Судың
көтерілуіне арналған сустансаларына
қызығушылық көбінесе минералды
жанармайға және өзен су ресурстарына
тапшы елдерде Англия мен Францияда
болды. Бұрынғы кеңес үкіметі тұсында
судың көтерілу күшін пайдаланатын суқондырғылары Мурманск қаласы-
ның батысындағы – Кислогуб, Кола түбегіндегі – Лумбов және Беломор
стансалары салынды.