95
құлдилаған немесе жер бетінен көтеріліп бара жатқан воронканы немесе
«піл тұмсығының» пішінін еске түсіреді. Құйын 20 м/сек жылдамдықпен
ондаған шақырым жүре келе, төменнен шаң, су, көлік, үй басқа да түрлі
ауыр заттарды өзіне тартып, ұшырып әкетеді. Өте қатты құйындар өзімен
бірге жаңбыр, найзағай, бұршақ жауындарын әкелуі мүмкін.
Құйындардың аса тереңірек зерттелуі бойынша, олардың пайда болу
себебі
найзағайлы бұлттар
деп танылады. Найзағайлы бұлттар тез қозға-
латын ауа ағындарын тудырады.
торнадо –
мұхитта болатын құйынның америкалық атауы. Мезо-дауыл
–қатты жылдамдықпен айналатын қуатты құйынның бір түрі. Торнадо
кез келген құрылысты қиратып, өз жолында кездескен әрбір затты ұсақ
бөліктерге бөліп тастауы мүмкін. Торнадо –
құйын өзгешелігіне және
шамасына қарай әртүрлі пішінде кездеседі, мысалы: «пілтұмсық», құбыр,
құйғыш, бағана сияқты. Торнадо сағат тіліне қарсы бағытта айналады.
Торнадоның ішінде төмендеген қысым байқалады, ол өзіне ауаны, суды,
топырақты, жер бетінде не бар соның барлығын тарта отырып, «сорғыш
эффектісін» тудырады.
дауыл –
қысқа мерзім ішіндегі желдің күрт күшеюі. Көбінесе найзағай
немесе нөсер алдында, суық фронтты циклондардың өтуі кезінде, жер
бетінен қызған ауа массаларының тез биікке көтеріліп,
оның орнына
тығыз суық ауаның төмен түсуі кезінде орын алады. Суық және тығыз
ауаның жерге түсуі кезінде, түйдек-жаңбырлы бұлттар пайда болады.
Жеке алынған дауылдың ұзақтығы бірнеше минут,
жел жылдамдығы
әдетте 20-30 м/сек асады.
51-сурет
. Торнадо
96
Дауылдар құрлықта ағаштарды сындырып,
электр желілерін үзіп,
жеңіл ғимараттарды
зақымдайды және үйлердің шатырларын жұлып
әкетеді. Дауылдан бір айырмашылығы ол дауыл-
дың қысқа ұзақтығына байланысты. Дауылдар
көбінесе атмосфералық фронттардың түйіскен
жерінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: