102
нан қалған қалдықтар, өзен және тұрмыстық су ағыны, кемемен тасу,
мұнай, газ өндіру үрдістері арқылы келеді. Ластаушы заттардың атмо-
сфера арқылы тасымалдануы дүниежүзілік мұхиттағы химиялық ласта-
ушылардың кеңінен таралуына айтарлықтай әсер етеді. Атмосфералық
жауын-шашынның
құрамынан
бензопирен, сынап, қорғасын, кадмий
сияқты зиянды заттар табылған. Ауыр металлдардың арасында ең қа-
уіптісі – сынап.
Кейбір теңіз
организмдері өз денесінде
ауыр металдарды жинақтайды. Мысалы, мы-
рыш – устрицаларда, кадмий – мидияларда,
сынап – планктондарда кездеседі.
Теңіз экожүйесіне кішкентай ғана мұнай
концентрациясының ұзақ уақыт әсер етуінің
өзі қауіпті.
Теңіздің табиғи ортасының ластануына жа-
санды қосылыстардың да әсері мол: пестицид-
тердің үлкен топтары, ДДТ (инстектицид),
бен-зол-гексахлорид және т.б.
Қосылыстар
теңіз организмдеріне жиналып, олардың улылығы су және жер бетіндегі эко-
жүйелерге өте қауіпті.
Дүниежүзілік мұхитқа антропогендік әсер етудің қарқындылығынан,
микробиологиялық тұрғыдан ластанудың зардабы мұхит суының гигие-
насына да әсер етті. Теңізге өзен және тұрмыстық су ағындарымен бірге
түскен патогенді организмдер жаңа ортаға бейімделе бастайды, әсіресе,
бұл мұхит жағалауларында байқалады. Олар кәсіптік тұрғыда ауланатын
ұлуларда (мидиялар, теңіздік тарақгүлділер) жиналады. Планктонның
беткі
қабатында топталып, ағыстар арқылы үлкен қашықтықтарға та-
ралады. Микробиологиялық ластанулар
теңіз жағалауларын аса ауыр
жағдайларға әкелді, мысалға ұлулар және жағалау сулары арқылы холера
вирусының таралуы.
Достарыңызбен бөлісу: