Сұрақтар мен тапсырмалар Білім және түсінік 1. Дүниежүзілік мұхиттың адамдарға тигізетін пайдасы қандай?
2. Дүниежүзілік мұхиттардың негізгі проблемалары?
3. Дүниежүзілік мұхиттардың ресурстарын атап шығыңдар.
Қолдану 1. Дәптерге «Мұхиттың табиғи ресурсы» деген модель құрастырыңдар. Оқулық
мәтінін пайдаланыңдар. Жұмысты жұп болып орындаңдар.
2. Индикаторлық организм дегенді қалай түсінесің? Неге олай деп атайды?
Сараптау 1. «Қызыл толқындар» құбылысын қалай түсіндіруге болады?
2. Не себепті мұхиттарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет?
Синтездеу 1. Мұхиттық су қабығының маңыздылығы туралы дәлелдер келтіріңдер.
2. Ғалымдар не себепті, Мұхит болашақтағы энергетикалық проблеманы шешеді
деп ойлайды?
104 Бағалау 1. Мұхиттың микробиологиялық ластануынан, гигиеналық сипаттағы зардабына
баға беріңдер?
2. Дүниежүзілік мұхиттардың табиғатына адамның қолайлы және қолайсыз әсеріне
қорытынды жасап, нәтижесін дәптерлеріңе жазыңдар.