Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет122/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

А. гумбольдт
, француз ғалымы 
Э. реклю
, австриялық ғалым 
Э. зюсс
. Ресейде географиялық қабық туралы 
ілімді жан-жақты толық топырақ зерттеуші 
в.в. докучаев
және географ 
П.и. Броунов
зерттеді.
Олардың ғылыми идеяларын ары қарай дамытқан ХХ ғасырдың көр-
некті ойшылы және табиғат зерттеушісі 
в.и. вернадский
болды.
«Биосфера» ұғымын ғылымға 1875 жылы австриялық геолог ғалым
Э. зюсс
енгізді. В.И. Вернадский өз еңбектерінде бұл терминді қолдана 
отырып, қайта құру (өзгерту) рөлін тірі организмдерге берді. Бұл тұжы-
рымдаманы В.И. Вернадский «
Жер бетiнде тұтас алынған тірі организ
-
мдерден басқа қуатты, үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ
» 
деп түсіндірді.
Географтар атап өткен кешенді қабықты, В.И. Вернадский «биосфера» 
деп атады. Бұл ұғым арқылы ол ағзалардың тіршілік ететін ортасын түсін-


106
ген, ол атмосфераның төменгі қабатынан, гидросферадан және литосфера-
ның жоғарғы қабатынан тұрады. Ғалым әрдайым «Жердің дамуы кезінде 
бүкіл биосфера және оның құрама бөліктері тірі ағзалардың көмегімен 
табиғи жүйе ретінде пайда болды» деп атап өтетін. Дәл осы тұрғыдағы 
биосфера ілімі физикалық географиямен және тұтас географиялық ғы-
лыммен органикалық түрде байланысады.
Биосфераға жалпы ғаламшарлық қабық және өмірдің даму сферасы – 
«тірі зат» (тіршілігі бар жер) кіреді. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша,
 
биосфера – жер бетін қалыптастыруда геологиялық күштің ролін атқарушы 
тірі заттардан тұратын, жерді қоршаған кеңістік.
Биосфера туралы ғылымның негізіне геохимиялық зерттеулер жата-
ды. Бірінші ретте Вернадский зерттеген 
Жердегі ең көп тараған химия-
лық элементтер – оттек пен көміртек
айналымдары. Биосферадағы бұл 
айналымдар организмдердің қатысуымен жүреді. Оларда жаңа өмір пайда 
болады. Айналымдардың биосфералық циклі үш бөлімнен тұрады:
– 
бірінші ретті биологиялық өнім деп аталатын, фотосинтез үрдісі кезінде 
жасыл өсімдіктер арқылы органикалық заттардың жасалуы;
– жануарлардың тіршілік әрекеті арқылы өнімнің екінші ретті биоло-
гиялық өнімге (жануар) айналуы;
– бактериялар мен саңырауқұлақтардың бірінші және екінші ретті био-
логиялық өнімді жоюы;
Толық биологиялық айналымға Жерде таралған барлық химиялық эле-
менттер қатысады.
55-сурет
. В.И. Вернадский (1863–1945). Биосфера


107
Бұл қарапайым, бірақ кемеңгер ойдан басқа да 
ғылыми қорытындылар жасалды. Олардың көбісі 
қазіргі биосфера ілімінің мазмұнын құрайды және 
бұл ілім география мен биологияның дамуына үл-
кен ықпалын тигізді.
Биосфера өте алуан түрлі болып келеді және Жер 
қабығын ерекше бір қабық ретінде қабылдау мүмкін 
емес. Ауа қабығын, топырақты, мұхитты және басқа 
да табиғи жүйелерді біртұтас зат ретінде қабылда-
уға не рұқсат береді? Биосфераның барлық бөліктеріне тән табиғи үрдістер 
бар ма? Органикалық заттардың ыдырауы – дәл осы үрдістің мысалы бола 
алады.
Керісінше, минералды қоспалардан жасалатын тірі заттар бүкіл био-
сфераға тән емес, тек фотосинтез жүретін жерлерге, яғни жер бетіне және 
дүниежүзілік мұхиттың беткі қабатына тән.
Органикалық заттардың ыдырау үрдістері биосфераның барлық аумағын-
да жүреді, олар фотосинтезге қарама-қарсы. Барлық өсімдіктер тыныс ала-
ды, сондықтан, фотосинтез үрдісімен бірге, олар органикалық қоспаларды 
көмірқышқыл газына және суға дейін тотықтырады. Бірақ тыныс алуға 
қарағанда, фотосинтез қуатты (күшті) үрдіс болып табылады, сондықтан 
өсімдіктер көбінесе органикалық заттар мен энергияның жинақтаушы рөлін 
атқарады.
Керісінше, жануарлар мен микроорганизмдердің көпшілігі орга-
никалық заттарды ыдыратып, қарапайым минералды қоспаларды (көмір-
қышқыл газы, су, аммиак, кальций тұздары, магний және т.б.) қалып-
тастырады немесе соңынан басқа микроорганизмдерді ыдырататын күр-
делі емес органикалық қоспаларды жасайды.
Жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының басты өзгерістері топы-
рақта және балшықтарда болады. Ары қарай, биосферада жерасты сулары 
әсерінен олар азырақ өзгеріске ұшырайды.
Осылайша, биосфераны, элементтер қосындыларынан (атпалы тау 
жыныстары, дүниежүзілік мұхит) жаңа, қарапайым қоспалар жасап 
шығаратын, алып химиялық комбинат ретінде қарастырсақ болады. 
В.И. Вернадский бойынша, биосфера үш бөліктен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет