2. дүниежүзілік мұхиттың проблемалары. Мұхиттың өзекті проблема-
ларының бірі, оның табиғатын сақтау және Мұхитты ластанудан қорғау.
Заманауи техникамен жабдықталған қазіргі қоғам, Мұхитты тереңірек
зерттеп, оның қорының шексіз еместігіне көзіміз жетті.
Мұхит байлықтарын тиімді пайдалану, оны терең және жан-жақты білу
арқылы ғана жүзеге асады. Бұл мәселені шешумен
физикалық океанология ғылымы айналысады. Оның басты мақсаты – мұхиттағы заттарды және
энергияны реттеуші ірі масштабтағы ағыстарды зерттеу. Бұл құбылыс
үлкен биологиялық маңызға ие, себебі, тереңдік-
тегі сулар мұхит бетіне тіршіліктің дамуына
қажетті қоректік тұздарды алып шығады.
Мұхиттың ластану мәселесіне байланысты
ең бірінші, оның ағыстарын зерттеудің маңызы
күн сайын өсуде. Көптеген ластаушы заттар
мұхитқа бақылаусыз, ретсіз қосылуда. Мысалы
ауыл шаруашылығында қолданылатын хлорлы
органикалық қосылыстар. Оларды мұхитқа өзен-
дер немесе жел апарады.
Алдағы жылдарда мұхит, көптеген елдердің қалдық суларын қабыл-
дайтын айдынға айналмақ.
Мұндай қарқынмен өсіп бара жатқан қалдықтарға мұхит төтеп бере ала ма?
Теңіз суында тіршілік ететін микроорганизмдер қалдық суды таза-
лай алатыны белгілі. Қазіргі кезде қалдықтардың көлемі жылына 400
км
3
құрайды. Бұл Ертіс және Об өзендерінің жылдық ағынының су көлеміне
тең. Құрлықта мұндай мөлшердегі қалдықты қайта өңдеу мүмкін емес.
Осындай мәселелердің көпшілігіне тек мұхиттағы ағыстарды зерттеу
көмектесе алады.