Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 31. дүниежүзілік мұхиттың проблемалары



Pdf көрінісі
бет114/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 31. дүниежүзілік мұхиттың проблемалары
негізгі ұғымдар: 
мұхит ресурстары, физикалық океанология, мони-
торинг, токсиканттар, бензопирен, мутагенез, канцерогенез.
1. мұхиттың табиғи ресурстары – адамзат игілігі үшін. 
Мүмкін, 
адамдар мұхит жағалауына бірінші рет келгенде, оның шексіз екендігі 
туралы ойланған болар. Исландиялық сагалардың көне аңыздарынан
нақтырақ айтсақ, Горацийдің өлеңдерінен біз мұхиттың шексіздігі және 
мәңгі екендігі туралы болжамдарды көреміз. Мұхит жағалаулары қандай 
болмасын – қолайлы-қолайсыз, жайдары не 
қатал – адамдар бәрібір ол жақтарға барып, 
орналасуға ұмтылды. Судың жылуы және 
ылғалы адамдарды қыстың суығынан қорғады, 
ал жағалауындағы қолайлы табиғат қажет-
ті корегін тауып берді. Теңіз жағалауының 
әдемілігі адамның рухани дамуына әсер етті. 
Кей кезде түсініксіз қауіпті болатын құбы-
лыстарды бақылай отырып, ежелгі адамдар 
ерте кезеңдердің өзінде тіршіліктің құпиялары 
туралы ойланған болар. 
Бір Тынық мұхитының алабында ғана жер шары халқының жартысына 
жуығы өмір сүреді. Тынық мұхиты өте үлкен және терең, дүниежүзілік 
мұхит суларының басым бөлігі осында орналасқан. 
Мұхиттардың су қабаты климатты, яғни ауа райын қалыптастырады 
және ылғалдың көзі, ғаламшарымыздағы жылуды реттеуші. Осы қасиет-
тері арқылы адамзатқа және Жер үшін ол маңызды. Мұхит өз бетінен 
ылғалды буландырады, су буымен атмосфераны қамтиды, құрлықты және 
суқоймаларын ылғалмен қамтамасыз етеді. Мұхит атмосфераның газ құра-
мының тұрақтылығын сақтайды және онымен әртүрлі газдармен (әсіресе, 
оттек) алмасып тұрады. Мұхит маңында әрқашанда «тыныс алу жеңіл», 
сондықтан да көптеген курорттар жағалауда орналасқан. 
Дүниежүзілік мұхит Жердегі зат және энергияның алмасуын реттеп 
қоймай, планетаның тірі материясына да әсер етеді.
Энергия туралы әңгіме қозғайтын болсақ: егер де теңіз суының гид-
равликалық көтерілу энергиясын санамағанда (ол Жер бетіндегі барлық 
өзендердің энергиясынан көп), мұхит адамдарды биіктік құрылымындағы 
энергиямен де қамтамасыз ете алады. Қазірдің өзінде судың беткі қабаты 
Ежелгі халықтар мұхитты құ-
дайындай көрді. Римдіктердің 
Нептун және викингтердің қатал 
құдайы Один өз қайырымдылықта
-
рында жомарт, ал ашуланғанда 
қорқынышты болатын. Құдайлар 
адамдарға қолайлы ауа райын 
және қорегін, өзінің талқандаушы 
күшімен қорқыныш тудыратын мұ
-
хитты бейнеледі. 


100
қыздырушы, ал тереңдіктегі сулар суытушы қызметін атқаратын жылу 
электрстансалары салынуда.
Дүниежүзілік мұхит – табиғи ресурстардың қазынасы, биологиялық, 
минералды және энергетикалық ресурстардың көзі болып табылады. Мұ-
хитты игеру адамзаттың болашағына тікелей байланысты. Адамзаттың 
болашағы Мұхит ресурстарының игерілуіне тікелей байланысты.
Дүниежүзілік мұхит адамзат үшін ақуызды қоректің маңызды көзі 
болып табылады. Балықтарды, теңіз жануарларын, шаянтәрізділерді, 
балдырларды және түрлі теңіз өнімдерін аулау жыл сайын өсіп бара жа-
тыр. Бір жылда мұхиттан алынған өнімдердің жалпы салмағы шамамен 
60 млн тоннаны құрайды. Ары қарай қалпына келуіне зиянын тигізбей 
балық аулау мүмкін емес, себебі, ол мұхиттағы қоректік тізбекті бұзуы 
мүмкін, ал ол өз кезегінде балық өнімділігін азайтады.
Қазір теңіз және мұхит суларында 
балық аулау кәсібімен 210 елдің балық 
аулаушылары айналысады. Жануардан 
алынатын ақуыздың шамамен 20%-ын 
адамдар мұхиттан алады.
Мұхит түбінде жүргізілген геология-
лық зерттеулер көрсеткендей, ол жерде 
ірі мөлшерде көмір, марганец, никель, 
кобальт және шаруашылыққа қажетті 
басқа да сирек кездесетін элементтердің 
кен орындары бар екендігі анықталды. 
Аса қатты тереңдіктерде құрамында 
полиметалы бар металды тұнбалардың 
53-сурет
. Дүниежүзілік мұхит ресурстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет