Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 38. табиғи-аумақтық кешендер



Pdf көрінісі
бет137/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 38. табиғи-аумақтық кешендер
негізгі ұғымдар
: географиялық қабық, табиғи аумақтық кешен (ТАК), 
ландшафт, ландшафттану, тұтастық, зат айналымы, ырғақтылық
зоналылық.
1. табиғи-аумақтық кешендердің пайда болуы. 
«Литосфера», «Гид-
росфера», «Атмосфера» тақырыптарын оқып танысу кезінде сендер та-
биғаттың түрлі компоненттерімен таныстыңдар және олардың барлығы 
бір-бірімен өзара әрекеттесіп, сыртқы және ішкі күштің, түрлі үрдістердің 
әсерінен өзгеретіндігіне және барлығы бірігіп
географиялық
қабықты 
құрайтындарына көздерің жетті.
Географиялық қабықтың басқалардан бір ерекшелігі – бұл қабықтағы 
заттар үш агрегатты күйде (қатты, газ, сұйық) болады және бір-бірімен 
әрекеттеседі. Географиялық қабықтағы жағдайлар тіршіліктің қалыпта-
суына қолайлы орта болып шықты.
Географиялық қабықтың айқын шекаралары жоқ. Бұл жер бетінде 
бірнеше ондаған шақырымға созылып жатқан жұқа қабықша, бірақ дәл 
осы жерде тіршілік пайда болып дамыды. Географиялық қабық – адамзат 
қоғамының өмір сүретін ортасы. Адам әрекетінің әсері күн өткен сайын 
қарқындап дамып барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет