Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет138/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

2.
табиғат кешендері.
Тау жыныстары, су, ауа, организмдер – геогра-
фиялық қабықтың құрамдас бөліктері, оларды 
компоненттер
деп атайды. 
Географиялық қабықтың барлық компоненттері өзара әрекеттеседі және 
бір-біріне ұқсамайтын табиғи кешендерді құрайды. «Кешен» – «үйлесу, 
байланысу» деген мағынаны білдіреді. 
Географиялық қабықты табиғи кешенге жатқызуға бола ма? Иә, бұл 
ең үлкен ғаламшарлық – табиғи кешен. Барлық компоненттер Күн энер-
гиясы және Жердің ішкі энергиясы арқылы бір-бірімен байланысады.


122
62-сурет
. Географиялық қабық
Географиялық қабықтың ең ірі бөліктері – материктер мен мұхит-
тар, бірақ олардың да өздерінің кішігірім табиғи кешендері бар. Мыса-
лы, Африкадағы Сахара шөлі, Еуразиядағы тайга немесе дала зонасы. 
Яғни, географиялық қабық кішігірім табиғи кешендерден тұрады. Олар 
құрлықта және мұхитта, жазықтарда және тауларда, өзен алқаптарында 
және суайырықтарда әртүрлі болып келеді. Сонымен қатар, олар табиғи 
тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулерде де айырмашылық жа-
сайды. Табиғат компоненттері кеңістікте ғана емес, уақыт бойынша да 
өзгереді. Жыл сайын біз табиғаттың мезгілдік өзгерулерін байқаймыз: 
климатта, өзен режимінде, өсімдік және жануар әлемдерінде және т.б. 
Кейбір өзгерулер өте баяу жүреді, тіпті жүз жыл өмір сүрген адам олар-
ды байқамайды, мысалы: климаттың ғасырлық өзгерулері, өте баяу 
жүретін тектоникалық қозғалыстар, тау жыныстарының үйінділерінде 
топырақтың пайда болуы. Бірақ жер шарының әрбір нүктесінде немесе 
республикамыздың кез келген жерінде белгілі бір уақыт ішінде барлық 
компоненттер бір-бірімен өзара әрекеттесуде болады. Өзара әрекеттесу 
нәтижесінде табиғи 
аумақтық кешендер
(ТАК) пайда болады. ТАК – 
біртұтастықты құрайтын бөліктердің бір-бірімен үйлесуі. Бұндай бөлік-
терге табиғи компоненттер жатады, сондықтан кешенді
 
табиғи
аумақ
деп аталады. Бұл бөліктер өздерінің арасында болатын байланыстарды 
біріктіреді, ал компоненттердің өзара байланыстары зат және энергия 
айналымдарында болады. 
Аса ірі табиғи аумақтық кешенге 
ландшафт
(немісше – жер және 
өзара байланыс) жатады. Географияда бұл өте маңызды ұғым. Атмосфера, 


123
гидросфера, литосфера және биосфера өзара байланысып, нәтижесінде 
құрлықта және мұхитта табиғи ландшафттар пайда болатын қабатты 
ландшафттылық орта дейді.
Ол географиялық қабықтың ортаңғы бөлігін құрайды, оның ішінде 
күн энергиясы әртүрлі жер энергияларына айналады және организмдер 
тіршілігінің дамуына қолайлы орта қалыптасады. Ландшафт ұғымын 
ерекше жүйе ретінде қарастырған – В.В. Докучаев болды, бірақ ландшафт 
термині оған дейін пайда болған болатын. Кейінірек 
ландшафттану
ғы-
лымы пайда болды.
Әр аумақта өзінің ерекше заттық және энергиялық айналымы бар 
компоненттердің түрлі үйлесімдері пайда болады, сондықтан кешенді
 
аумақтық
деп атайды. Барлық ландшафттар өздеріне ғана тән қасиет-
терге ие. 
Демек, ТАК – белгілі бір аумақта өзара байланысқан табиғи 
компоненттердің заңдылық үйлесімі.
63-сурет
. Табиғи кешендердің өзара байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет