Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


тұтастық, зат айналымы, ырғақтылық және зоналылық



Pdf көрінісі
бет141/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

тұтастық, зат айналымы, ырғақтылық және зоналылық.
Бұл 
заңдылықтар географиялық қабықтың, оның компоненттерін және жал-
пы табиғи аумақтық кешеннің дамуын және құрылымын түсінуге өте 
маңызды.
Тұтастық
заңдылығын білу үлкен практикалық маңызға ие. Бұл 
заңдылықтың болуы барлық табиғат зерттеушілерін қандай да бір шаруа-
шылық іс-шарасын (суару, су қоймаларын салу, қала құрылысы және 
т.с.с) жүргізетін болса, мұқият географиялық зерттеулер жүргізуді мін-
деттейді.
Географиялық қабықта тұрақты 
зат айналымы
жүреді. Жер табиға-
тындағы заттардың ұдайы түрленіп және орын ауыстырып қайталанып 
тұруы қалыпты үрдіс. Жердегі зат айналымы заңдарын білудің үлкен 
практикалық маңызы бар. Бұл заң адам өміріне айтарлықтай әсер етеді 
және адамның табиғатқа әсер ету үрдістерінде көбірек байқалады. Бұл 
әсер етулердің зардаптары геологиялық үрдістер нәтижесімен ұқсас бола 
бастады: биосферада заттар мен энергияның тасымалдануы үшін жаңа 
жолдар және мыңдаған жаңа химиялық қосылыстар пайда болады. 
Бұның барлығы геохимиялық үрдістердің бағытының өзгеруіне алып 
келеді. Шаруашылық қызметінің нәтижесінде адамның тұрып жатқан 
ортасы да өзгерді.


125
Тірі материяның ұйымдасуының және қасиетінің ең маңыздылары-
ның бірі – 
ырғақтылығы
. Ырғақтылық, тірі организм құрылысының 
барлық деңгейлерінде кездеседі: бұл жүрек және тыныс алу ырғақтары, 
құс қанаттарының ырғақты қағылуы, балық желбезектері қимылының 
ырғағы және т.б. Физиологиялық қызметтің тәуліктік өзгерісі, Жердің 
өз осінен айналуына, күн мен түннің ауысуына байланысты.
Маусымдық ырғақтылықтың пайда болуында ең бастысы – Жердің 
Күнді айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы. Осыған байланысты ауа темпе-
ратурасы мен ылғалдылығы, жарық күннің ұзақтығы, күн радиациясының 
белсенділігі және басқа да табиғи үрдістер өзгереді. Бұл үрдіс қоңыржай 
белдеуде айқын байқалады. Бұдан басқа да ұзақ ырғақтылықтар бар
мысалы: 500 млн жылға дейін созылатын геологиялық кезеңдер. Бұл ке-
зеңдердің ішінде әртүрлі реттегі геологиялық, климаттық, биосфералық 
циклдер байқалады.
Географиялық қабықтың басты заңдылықтарының бірі – оның 
зона
-
лылығы
, яғни экватордан полюске қарай барлық географиялық компо-
ненттердің және табиғи кешендердің белгілі бір заңдылықпен өзгеруі.
Күн жылуының зоналық таралуы нәтижесінде жер бетінде ауа темпе-
ратурасы, жел, ауа массаларының қасиеттері, климат, экзогенді үрдістер, 
топырақтың түзілу үрдістері, су айдындарының гидрологиялық режимі, 
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі зоналық заңдылыққа бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет