Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


 Экологиялық проблемалардың көздері



Pdf көрінісі
бет150/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

2. Экологиялық проблемалардың көздері.
Экологиялық проблемалар-
дың бірі антропогендік әсер етулер, ең алдымен, жер шарының кейбір 


131
аудандарының климатының өзгеруіне әкелді. Соңғы он жылда көптеген 
метеорологиялық стансалардың зерттеулеріне негізделе отырып, ғалам-
шарда температура 1° С-қа көтерілгендігі белгілі болды.
Өнеркәсіп кәсіпорындары көп мөлшерде жанатын пайдалы қазбалар-
ды (көмір, мұнай, газ) жағуда. Бұл көмірқышқыл газының атмосфераға 
көптеп таралуына және жылу эффектісінің пайда болуына әкеледі. Жер 
бетіндегі жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп 
шығарады, алайда мұхит сулары мұнаймен қатты ластанған.
Табиғи ортаның тағы бір ластаушы көзі ол – автокөлік. Өркениеттің 
дамуы үлкен қалалардың проблемасына айналды. Себебі 200 компонент-
тен тұратын көліктен шығатын газдар адам организміне жағымсыз әсер 
етуде. Денсаулық үшін, әсіресе, ісік ауруларын тудыратын канцерогенді 
зат және қорғасын қосындылары – олар адамның қанында жинақталып, 
организмде қан айналымын бұзуға әкеліп соғады.
Құрлықтың өсімдік байлығы, ең алдымен, ормандар соңғы он жыл-
дықта үштен екі бөлігі азайған, және олардың жойылуы жалғасып жа-
тыр. Осы жағдайлар және басқа да антропогенді факторлар климатпен 
топыраққа ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ, биосфераның физикалық- 
химиялық қасиеттерін де өзгертуде. Әсіресе, ауыл шаруашылығы көбірек 
зардап шегуде, бұл дегеніміз адамның денсаулығы мен азық-түлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет