Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 42. дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары



Pdf көрінісі
бет153/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 42. дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары
негізгі ұғымдар:
этнолингвистикалық классификациясы, тіл, тіл әулеті, 
тіл топтары, этнос, халық, ұлт.
1. Халықтардың этнолингвистикалық классификациясы.
Дүниежүзі 
халықтары тілдерінің жалпы саны 4-5 мыңға жетеді, яғни дүниежүзі 
халықтарының санына сәйкес келеді. Атап өтетін жайт, тек кейбір ел-
дерде бір ғана тіл қолданыста болса (Жапония), бірақ 100-ден астам тілі 
бар елдер де бар (Үндістан, Ресей, Қазақстан). Тіл – адамдар арасындағы 
қарым-қатынастың басты құралы. Тікелей ойлау қабілетіне байланысты 
болғандықтан, ол ақпаратты сақтау және беру қызметін атқарады, сонымен 
қатар, адамның мінез-құлқына әсер ететін құралдардың бірі болып 
табылады. Тіл қоғамның дамуымен бірге пайда болды және уақыт өте 
әртүрлі өзгерістерге ұшырады. Аталып өткендей, тіл әр этностың маңызды 
белгісінің қызметін атқарады. Тілдер тірі және өлі (яғни қолданыстан 
шыққан, мысалы ежелгі грек тілі) болып бөлінеді. Тірі тілдердің арасында, 
балалық кезінен игерілген, ана тілін атап өтеді. 
Тіл – тек қоғамда ғана болатын әлеуметтік құбылыс. 
Қоғам мен тілдің пайда болуы, әлеуметтік ақпарат тарату құралы ретін-
де қоғамның, еңбек үрдісінің, экономиканың дамуына байланысты болды. 
Қазіргі уақытта кейбір тілдер өзінің қалыптасқан аймағынан 
тыс
таралып кетті. Көптеген этникалық топтардың арасында тек кейбіреулері 
ғана өз ана тілін қолданады. Шығу тегі әртүрлі халықтар бір-бірімен 
жалпыға ортақ тілде сөйлейді. Біздің уақытта шығу тегі бір тілдер бір-
бірінен айырмашылық жасап қана қоймай, өздерінің тіл әулетіне тән 
қасиеттерін жоғалтып алуы мүмкін. Сондықтан, тілдер қазіргі жағдайы 
бойынша емес, тарихи генетикалық туыстығы бойынша жіктеледі.
Дегенмен де классификациялаудың тілдік принципі өзінің жетекші 
рөлін сақтап қалды. Тілді классификациялаудың негізінде екі өлшем 
белгіленеді: тілі және ұлты. Тіл – жалпы алғанда адами мәдениеттің 
негізі немесе арнайы символдардың көмегімен адами ақпарат тарату әдісі 
болып табылады. Тілдің қалыптасуы мәдениеттің дамуымен және қазіргі 
адамның қалыптасуымен бірге жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет