Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


Экологиялық тоқырауды шешудің жолдары



Pdf көрінісі
бет151/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

3. Экологиялық тоқырауды шешудің жолдары
. Заманауи ғылы-
ми-техникалық өркениеттің ерекше күші, адам мен табиғат арасын-
дағы қарым-қатынастың жаңа дәуірін ашты және «адам – табиғи орта» 
проблемасына жаңа әдістерді қолдануды талап етті. Қазіргі экологиялық 
дағдарыстардан шығу адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарды 
зерттейтін ғылымның көмегімен табылуы мүмкін. Оның негізгі міндеті – 
өркениеттің ары қарай дамуына қажет адамның жүріс-тұрыс жағдайларын 
анықтау және оның қызметіндегі шекті анықтау.
Биосфераның айнала қоршаған ортаны ластаушы заттарға қарсы тұра 
алатын тұрақты қасиеті бар. Бұл тұрақтылық табиғи ортаның барлық 
компоненттерінің өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу қабілет-
теріне негізделген, бірақ бұл қабілеттілік, өкінішке орай, шексіз емес.
Сондықтан табиғат заңдылықтарын білу – саналы адамның басты мін-
деті. Жер ғаламшары белгілі бір ресурстарға (минералды, энергетикалық, 
топырақ) ие. Жер және адам болашақ ұрпақ есебінен өмір сүруін жалғасты-
ра алмайды. Адам биосфераның өзіндік қалпына келу қабілетімен қатар 
оның шексіз еместігін де білуі тиіс. Ежелгі Римдік философ Луций Анней 
Сенеке «Табиғат үнемі қарапайым қолжетімді нәрселерді ғана талап етеді, 
ал біз әрдайым молшылық, тоқшылық үшін тыраштанамыз» деген екен.


132
Табиғатты түрлендіретін әрекеттердің негізі, ғылыми дәлелді 
болжам
жасай білу. Болжам Жердеге өмір мәселесіне қатысты этикалық дұрыс 
шешімдер қабылдау. Ол үшін география мен экология саласында терең 
білім, және оларды барлық шаруашылық қызметінде қолдана білу қажет.
Барлық елдердің табиғи орта жағдайының нашарлауына байланыс ты – 
халықаралық ұйымдарды құру мәселесі көтерілді. Осыған байланысты 
БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған халықаралық ұйым 
(ЮНЕП) құрылды. Оның басты мақсаты – биосферадағы табиғатты тиімді 
пайдаланудың ғылыми негізін жасау.
Қоршаған ортаның бастапқы жағдайы, оның қазіргі уақыттағы ласта-
нуы, орта сапасының өзгеру болжамдары туралы ақпарат алу мақсатымен 
ғаламдық 
мониторинг
желісі жасалады. Бұл ақпарат қоршаған ортаны 
тиімді пайдалану үшін қажет, және Жер табиғатын сақтау саласы бойын-
ша мемлекетаралық деңгейде шешімдер қабылдау үшін негіз бола алады.
Сондықтан да мектепте жаратылыстану ғылымдарын оқу (соның ішінде 
физикалық география да бар) барлығымыз үшін, Жердің табиғатына және 
өзіміздің тұратын жеріміздің табиғатына ұқыпты қарауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет