134
Ол дүниежүзі халықтарының орналасуына байла-
нысты. Этностар және
олардың тілдерінде сәйкестік
болуы мүмкін
,
сондықтан да этностарды, олардың
шығу тегін, тілін анықтау үшін, тіл ерекшелігіне
қарай классификациялайды.
Тілдік классификациядан
басқа генеалогиялық
классификациялау принципі бар. Лингвистикалық
жіктеуде бұл «туыс тілдер тобы» деп аталады.
Мысалы, үндіеуропа тіл әулетінің ішіндегі славян тіл тобындағы барлық
халықтар, сөйлескен кезде бірін-бірі түсінбесе де, түбінде өз тілдерінің
ұқсас екендігін ұғады.
Лингвист ғалымдар келесі тілдерді бөліп қарастырады: біртілді
(жапон, армян), екітілді (мысалы, экзя және мокша тілдерінде сөйлейтін
мордвалықтар және екітілді, екіұлттылы елдер (Бельгия, Канада). Әр-
түрлі халықтар бір тілде сөйлеуі мүмкін, бірақ қатты диалектілі айыр-
машылықтарда болады. Мысалы, ағылшын тілінде – ағылшындар, аме-
рикалықтар, аустралиялықтар, жаңазеландиялықтар; испан тілінде –
испандықтар және латын америка тұрғындарының көпшілігі; неміс тілін-
де – немістер, австриялықтар, швейцариялықтар сөйлейді. Дүниежүзінің
этникалық суретін құрастырғанда, тілдік классификациялау халықтар-
дың тілдік туыстығын және этникалық ерекшеліктерін есепке алады.
Этнология, тілдер мен мәдениеттердің ұқсастығын, ежелгі түп-тамы-
рына қарай отырып анықтайды. Оны лингвист ғалымдар «тіл әулеті» деп
атайды. Бұндай жіктелу кезінде олар туыстық қасиеті, яғни олардың сөздік
қоры мен грамматикасын салыстыру арқылы бір әулетке біріктіріледі.
Әулеттер топтарға, ал олардың кейбіреулері – топшаларға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: