137
татарлар – 203, немістер – 182 және басқа да этностардан – 350 адам
тұрады.
Қазақстан халқының этникалық құрамының басты ерекшеліктерінің
бірі – барлық этностар (14 этностың 13-і, белорустарды қоспағанда) бір-
келкі орналаспаған, әрқайсысының нақты тұратын ареалдары бар. Қалған
диаспораларға қарағанда (немістер, украиндар және т.б.), өзбектер мен
ұйғырлар өздерінің басты этносы тұратын көршілес елдердің шекарасы
маңына шоғырланған.
Дүниежүзі қауымдастығында, Қазақстан ішкі саясатты дәйекті түрде
жүргізетін ел ретінде саналады. Ішкі саясаттың басты ұстанымы, Қа-
зақстан халқының біртұтастығы, ұлттардың толеранттылығы, ұлтаралық
және дін аралық ала ауыздыққа жол бермеу. Қазақстан халқы біртұтас
және белсенді түрде бәсекелестікке қабілетті заманауи зайырлы мемлекет
құруда.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, ұлтына және діни
сеніміне қарамастан, 19-бапта «Әркім ана тілі мен төл мәдениетін
пайдалануға, қарым-қатынас жасауға, оқуға, шығармашылығын дамытуға
ана тілін еркін қолдануына құқығы бар» деп жазылған. Осымен қатар,
біздің елімізде тұрып жатқан басқа ұлттар мен этностар өздерін Қазақстан
халқының біртұтас ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.
1995 жылдың 1 наурызында республиканың әлеуметтік-саяси аре-
насында ұлттық саясат саласында жаңа институт – Қазақстан халқы
Ассамблеясы пайда болды.
1998 жылы ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев 22-қыркүйек күнін –
Қазақстан халықтарының тілдері күні деп жариялады. Атап өтетін жайт,
соңғы 25 жылда Қазақстан жерінде этникалық немесе діни тұрғыдан
саяси келіспеушіліктер орын алған жоқ. Ірі заманауи саясаткерлер,
рухани жетекшілер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстанның
діни және ұлтаралық келісімдерді нығайту тәжірибесіне ең жоғары баға
береді.
Достарыңызбен бөлісу: