145
Семирамиданың аспалы бағы, Эфестегі Артемида храмы, Олимптегі Зевс
құдайының мүсіні, Галикарнастағы мавзолей, Родос аралындағы Колосс
мүсіні, Александриядағы шам (2-ші қосымшада толығырақ берілген).
XXI ғасырда адамзат жаңа кереметтерді таңдай бастады. Осы мақсат-
та арнайы конкурс ұйымдастырылып, қоғамдағы Жер бетінде сақталып
қалған тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштерге көңіл бөлуге
шақырды. Дүниежүзі мемлекеттері бірінен соң бірі өздеріндегі кереметтер-
ді анықтауға және таңдауға кірісті. Нәтижесінде, жаңадан дүниежүзілік
кереметтер тізімі пайда болды: Ұлы Қытай қорғаны, Иорданиядағы Петра
кешені, Рио-де-Жанейродағы Христостың мүсіні,
Перудегі ежелгі инк-
тердің Мачу-Пикчу қаласы, ежелгі майялардың Чичен-Ица пирамидасы,
Рим Колизейі, Үндістандағы
Тәж-Махал, т.б.
6-кестеде олардың орналасқан жері толығырақ берілген.
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: