Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет168/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
Қазақтың жеті кереметі
Атауы 
Сипаталуы
Суреті 
1. Тамгалы 
шатқалын-
дағы 
жартастағы 
суреттер
1957 жылы тарих, археология 
және этнография Институтының 
экспедициясы Алматыдан 170 
км жерде орналасқан жартастағы 
суреттерге тап болды. Жартастағы 
суреттер ислам дініне дейінгі 
кезеңде өмір сүрген халықтардың 
тіршілігінен сыр шертеді. 
Суреттерде будданың храмы, 
пұтқа табыну, тәңірге сену және 
шаманизм символдары болды.
2. Алтын 
адам
Алтын адамның табылуы ғылыми 
дүниеге күшті әсер етті. Сақ мәде-
ниетінде патшаларына қорған салу 
тән болатын. Ғалымдар Алтын 
адамды б.з.д. III-V ғасырдағы сақ 
мәдениетіне жатқызды.
3. 
Маңғыстау-
дың 
жартасқа 
салынған 
мешіттері
Маңғыстаудың ең әдемі мешітте-
рінің бірі тасты жартасқа ойып 
салынған Шақпақ Ата мешіті. 
Жер астында салынған бөлігінің 
қабырғалары софылардың жа-
зып қалдырған жазбаларынан 
тұрады. Қабырғада бұл дүниенің 
баянсыздығы және қысқалығы 
туралы жазылған.
Жеті саны Қазақтарда 
киелі сан болып есеп
-
телінеді. Жеті ата, жеті қазына, 
жеті жұрт және т.б. 


148
4. Қазақтың 
ұлттық 
аспабы 
домбыра
Арал қаласының маңында жүр гі зіл-
ген қазба кезінде, қо лында домбыра 
ұстаған саз дан жасалған адамның 
мүсіні табылды. Ғалымдардың пайым-
дауынша б.з.д. IV–V ғасырға жатады. 
Алматы облысындағы Майтөбе деген 
жердегі жартаста билеп жүрген 
адамдар және домбыра салыған. Бұл 
суреттер неолит кезеңіне жатады.
5. Қазақтың 
киіз үйі
Қазақтардың көшпелі тіршілі гі, тез 
жиналатын және құры латын киіз 
үйлерде өмір сүру ге үйретті. Киіз үй 
б.з.д. VIII–V ғасырда пайда болғаны-
мен, қа зіргі кезге дейін үлкен өзге-
ріске ұшыраған жоқ. Сыртқы көрінісі 
киізбен қапталған мұнараға ұқ сайды. 
Қыста суықтан, жазда ыстықтан және 
жаңбырдан қорғады. Үйді бір жанұя 
бір сағат көлемінде жинап құрай тын 
болған. 
6. Қожа 
Ахмет 
Йасауи 
кесенесі 
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі аймақ-
тағы мұсылмандардың басты киелі 
жері болды. Кесенеге үш рет келу
Меккеге барған мен теңестірілді. 
Кесенені XIV ғасырда сопылық ақын 
және уағыздаушы Қожа Ахмет Йаса-
уидің жерленген жерінде Ақсақ 
Темір салғызды. Бұл ғажайып 
асыл туындыны Орталық Азиядағы 
ерекше сәулет өнері деп есепке алып 
ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізді.
7. Бәйтерек 
кешені 
«Бәйтерек» монументі Астана қала-
сында орналасқан құрылыс кешені, 
сәулет өнерінің бірігей туындысы. 
Бәйтерек сөзі өмір ағашы дегенді біл-
діреді. Ежелгі көшпенділердің космо-
гониялық көзқарасын білдіреді. Мону-
менттің жоғарғы жағында жұмыртқа-
ны білдіретін шар орналасқан. Бәйте-
рек кешенінің тарихи тамыры тереңде 
және оны осы күнге дейін сақтап кел-
ген тәуелсіз қуатты мемлекет екенді-
гінің символы.


149
Қазақстан Республикасында бұл тізімге енбей қалған табиғаттың 
ерекше сұлу жерлері жеткілікті. Солардың бірі – Жетісу өлкесі. Жеті 
өзеннен тұратындығы атынан көрініп тұр. Оларға: Іле, Қаратал, Ақсу, 
Көксу, Тентек, Лепсі, Аягөз жатады. Аталған өзендердің барлығы Балқаш 
көліне барып құяды. Халық Жетісуды – Қазақстанның інжу-маржаны 
деп атайды.
Маңғыстаудағы Көгілдір айлақтың алтындай жылтыраған жағажайын-
да күнге қыздырынуға, ТМД көлеміндегі ең терең Қарақия ойысының 
табанына дейін баруға, Тамшалы және Саура шатқалдарындағы бұлақтар-
ды және кішігірім көлшіктерді көруге болады. Ақтау тауы фантастика-
лық ландшафтымен тартымды. Әктас және құмды топырақтан (мергель) 
түзілген аппақ қардай шыңдары, беткейлері қызғылт сары түсті асыл 
тастардан, яшмадан, құм тастардан тұратын сай салалармен тілімделген.
Көктемгі жаңбыр кезінде Ақтаудың беткейлерінен аққан қатты ағынның
нәтижесінде топырақ беті ашылып, астынан өткен кезеңдерде тіршілік 
еткен, акуланың тісін, алып тасбақаның қаңқасын және ежелгі өсімдік-
тердің қалдығын кей кездерде көруге болады. Аталған қазба байлықтар
ежелгі кезеңдерден бері жыныстардың құрамында сақталып келген. Ол 
кездері Ақтау тауы ежелгі Тетис теңізінің (мұхитының) табаны болған. 
Шығыс Қазақстан қазақтарының 20-дан астам ежелгі сәулет өнерінің 
архитектуралық ескерткіштері, дін және дәстүрге арналған республика-
лық конференцияға Өскеменнің музей – қорық қорынан арнайы алып 
келініп көрмеге қойылды. Арасындағы танымалы VIII ғасырға жататын
Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мазары. Ғашықтардың мазары Аягөз 
өзенінің жағасында орналасқан. Ақбауыр-
да көптеген археологиялық ескерткіштер 
кездеседі: әртүрлі кезеңнің петроглифтері, 
қола дәуірінің молалары, ертедегі темір 
ғасырының қорғандары және т.б. Ең 
маңыздысы үңгірдің қабырғаларына қы-
зыл минералды бояулармен (қызыл охра)
салынған суреттер. Бұл ежелгі өнер туын-
дысы б.з.д. V–III мың жылдыққа жатады.
Халықтардың көшіп-қонуы, дін-
нің таралуы, аумақтың шаруашылыққа 
игерілуі және көрші елдің жаулап алуына 
қарамастан тарихи-мәдени аймақтардың 
шекарасы тұрақты. Жер бетінде зерттелмеген, құпиясы ашылмаған жер-
лер зерттеуді күтіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет