§ 44. дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары негізгі ұғымдар: мәдениет, дәстүр, мәдени орталықтар, этнография,
этностар,
дүниенің кереметтері
1. дүниежүзінің тарихи-мәдени орталықтарының қалыптасуы, қо-
ғам мен табиғаттың тарихи әрекеттесуі, адамдардың жаңа аумақтарды
игеруі және таралуы үрдісі кезінде әртүрлі мәдени шаруашылықтың
қалыптасуымен байланысты болды. Жер бетіндегі адамзаттың дамуы,
әртүрлі аймақтарға сәйкес болғандықтан халықтардың мәдени дәстүр-
лері де өздеріне тән ерекше болды. Мәдениет латын тілінде «соlеre», яғни
«культура» деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырларда осы сөздің негізінде
«agriculture» термині пайда болды. Бұл ұғым жерді игеру немесе пайда-
лану өнері дегенді білдіреді. XVIII және XIX ғасырларда мәдениет сөзін
адамдарға қатысты қолдана бастады. Көбінесе аристократтарға қолданды.
Оларды мәдениетті адамдар деп есептеді. Қазіргі қоғамдағы мәдениет
ұғымы материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Халықтардың
тілі мәдениетті негізгі байланыстырушы болып есептелінеді.