142
Қолдану
1. Дүниежүзінің саяси картасынан әлемдік діндердің таралуын көрсетіңдер және
мысал келтіріңдер.
2. Мәтіндегі мәліметтерді және диаграммаларды қолдана отырып, әлемдік дін-
дердің кестесін құрыңдар.
Сараптау
1. Диаграмманы (134-сурет) талдаңдар және христиан діні мен ислам дінінің дү-
ниежүзінде кең таралу себебін түсіндіріңдер.
2. Неліктен христиан діні үш тармаққа бөлінеді? Мысал келтіріңдер.
Синтездеу
1. Қосымша материалдарды қолдана отырып, дүниежүзіндегі ұлттық діндер туралы
реферат жазыңдар.
2. Әлемдік діндердің біреуіне баяндама дайыңдаңдар (оқушының таңдауы бойынша).
Бағалау
1.
Қалай ойлайсыңдар, не себепті діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген?
2. Не үшін діни бірлестіктердің қазіргі қоғамның саяси өміріне ықпал етуі зор?
Баға беріңдер және мысал келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: