Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


2. тарихи-мәдени (өркениет) аймақтардың



Pdf көрінісі
бет165/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

143
2. тарихи-мәдени (өркениет) аймақтардың
қалыптасуы
ежелгі ке-
зеңдерден басталады. Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтарын оқып-үй-
ренуде этнография ғылымының маңызы жоғары. 
Этнография
– халықтар-
дың өмір сүруінің ұқсастығы мен айырмашылығын, олардың табиғи 
ресурстарды шаруашылықта пайдалану жолдарын зерттейтін ғылым. 
Этностар мәдениетті сақтаушы және дамытушы болып есептелінеді. Эт-
ностар адамдардың тұрақты қалыптасқан ұжымы. Этностар екі немесе 
бірнеше географиялық ландшафттардың түйіскен жерінде қалыптасады.
Батыс Еуропа дүниежүзілік өркениеттің басты дамыған орталықта-
рының бірі болып саналады. Ежелгі Грекияның, Рим империясының, 
Ежелгі Египеттің, Карфагеннің, Жерорта теңізінің, Жақын Шығыстың, 
Үндістанның, Қытайдың, Африка және Азия халықтарының мәдениеті 
адамзат тарихының дамуына үлкен әсерін тигізді. Дүниежүзілік өрке-
ниеттің тарихи және мәдени мұрасы осы күндерге аңыз, ертегі, қол 
өнер туындылары ретінде жетті. Саяси картада бір мемлекет жойылса 
орнына жаңасы пайда болып, жаңа мәдениет пен мәдени орталықтарды 
қалыптастырды.
69-сурет
. Дүниежүзінің тарихи-мәдени аудандары.


144
Тарихи-мәдени аудандар дегеніміз, әрқайсысының бір-біріне ұқса-
майтын өзіндік даму жолдары бар аудандар. Тарихи-мәдени аудандар –
халықтарының өмір сүруі мен тарихи тағдыры, әлеуметтік-экономика-
лық дамуы және бірге қалыптастырған мәдени-тұрмыстық ерекшелігі 
ұқсас аумақтар. Олардың негізгі айырмашылықтары, осы ауданды мекен 
еткен халықтардың мәдени ескерткіштері, дінінің ерекшелігі, ұлттық 
сипатының дәстүрі, шаруашылығының дәстүрлі түрлері. Ежелгі кезде
және қазіргі кезде де тарихи-мәдени аудандар, материалдық мәдениетінің 
ерекшелігімен анықталды: дәстүрлі үйлері, көлік түрлері, ішіп- жейтін 
тамағы, киімі және салт-дәстүрлері, күнтізбелік дәстүрлер, діни наным 
сенімдері, фольклоры және т.б. Құдайға құлшылық ететін ғимараттар 
өте ежелден салынған. Ондай ғимараттардың көркемдігі әлі күнге дейін 
сырын берместен, адамдардың таңданысын тудыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет