193 3-тапсырма. «Қазақстанның темір жол» картасынан халықаралық
магистралдарды, өздерің тұратын жердегі темір жолды және қандай жүк
түрлерін таситынын анықтаңдар?
Екіншіден, тарихи қалыптасқан көршілеріміз Ресей мен Қытай. Екі
мемлекетте дүние жүзіндегі экономикасы қарқынды дамып келе жатқан
елдер. Нарығы өте ауқымды, байланысқа тиімді және сауда байланысымыз
жақсы дамыған. Қазақстанның аталған көрші елдермен байланысымыз
нығая түскен сайын экономикамыздың дамуы соншалықты күшейе түспек.
4-тапсырма. Қазақстанның Ресей және Қытаймен көршілік маңызын
бағалаңдар.
Үшіншіден – Каспий теңізі арқылы Атлант және Үнді мұхиттарына
шығатын жолдың болуы. Бұл факторды нығайту және ЭГЖ жақсарту
мақсатында жеке каспий флотын құрды: шетелдерден теңіз порттарын,
терминалдар, зауыттар және сауда мекемелерін жалға және сатып алуда.
Аталғандар шаруашылық байланысты кеңейтуге және сол жердегі сауда
нарығын иемденуге мүмкіншілік жасайды.
5-тапсырма. Топтық жұмыс. БАҚ материалдарын және интернет ре-
сурстарын пайдаланып Қазақстанның мұнай танкерлері туралы хабарла-
ма дайындаңдар. Болашақта Қазақстанның ЭГЖ қалай өзгеретіндігіне
болжам жасаңдар. Балалар! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа
жолдауындағы