Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет68/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Естеріңде болсын!
Циклондар және антициклондар - ірі атмосфералық 
құйынға жатады. Циклондағы және антициклондағы циркуляцияның 
құйын тәріздес болып айналуы қысымға байланысты. Циклондағы атмо-
сфералық қысым ортасына қарай төмендеп шетіне қарай жоғарылайды. 
Ал антициклонда керісінше, орталығындағы қысым жоғары, шеттеріне 
қарай төмендей береді.
Жоғары қысымды аймақ (антициклон) жауын-шашынсыз, желсіз және 
ашық болып келуімен сипатталады. Құрғақ ауа жоғары және төменгі 
температураны қалыптастырады.
Төмен қысымды аймақта (циклон) ауаның бұлттылық жағдайы мо-
лайып, күшті жел тұрып, температура жоғарылайды және жауын-шашын-
ның түсу мөлшерімен ерекшеленеді. Циклондар мен антициклондар кез-
дескен жағдайда атмосфералық фронттарды (жылы және суық ) түзеді.
Атмосфералық фронттардың қозғалысын түріне қарай бақылау жа-
сауды үйреніңдер. Егерде фронт сен тұрған жерге жақын орналасып, сол 
жерден өтетін болса міндеттті түрде ауа райында өзгеріс болады. Мысалы,
ауа райы бұлттанып, жауын-шашынмен бірге жел күшейіп, күн күр-
кіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Таулар және ірі суқоймалары фронттың 
бағытына әсер етуі мүмкін. Оны ауа райы картасында ирек сызықтармен 
көрсетеді. Егер сызықтар жартылай шеңбер немесе үшбұрышты болып бір 
немесе екі жағында белгіленсе, ол атмосфералық фронттың шекарасын 
көрсетеді.
2.
Синоптикалық картаға және оның шартты белгілеріне мән бе
-
реміз
. Егерде жартылай шеңберлі қызыл сызық тек бір жағында белгілен-
се, ол жылы фронт болғаны. Жылы фронттың бағыты қай жақ бетінде 
орналасқанына байланысты көрсетіледі. Жылы фронттың жақындауымен 
жаңбыр көбейе бастайды және ауа температурасы көтеріледі. Ауа райы 
біртіндеп ашық болады. Егерде жылы ауа массасы тұрақсыз болса, ұзағы-
рақ күн күркіреп найзағай ойнайды және нөсерлі жаңбыр болады. Суық 
фронттың қозғалыс бағыты – көк үшбұрышты сызықпен беріледі. Ол тек 
бір жағында болады. Үшбұрыштың төбесі суық фронттың қай бағытта 
қозғалып бара жатқандығын көрсетеді. Суық фронттың жақындауынан – 
өтпелі нөсер жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы күшейеді және ауа 
температурасы төмендейді.


62
Желдің бағытын, күшін қалай анықтаймыз. Негізгі сызықтан қисық 
бұрыш жасап тұрған үшбұрыштар немесе сызықтар желдің жылдамдығын 
көрсетеді. Синоптикалық карталарда бұлардан басқа символ түрінде 
берілген шартты белгілерде бар: температура, жауын-шашын, жел, теңіз 
деңгейінен есептелген қысымның мөлшері, шық нүктесі. Температура 
Цельсий градусымен, жауын-шашын мм-мен беріледі. Бұлттылық кар-
таның ортасында шеңбермен беріледі. Шеңбердің боялу деңгейіне қарай 
отырып, бұлттылықтың қандай мөлшерде екендігін анықтаймыз. Карта-
дағы маңызды сызықтарға – изотерма және изотахи сызықтары жатады.
Изотерма – бірдей температуралардың арасын біріктіретін сызық.
Изотахи – бірдей жылдамдықтағы желдердің арасын біріктіретін 
ирек сызық.
Қазіргі таңда синоптикалық карта жасауда ғарыштық суреттер кеңінен 
қолданылады. Суреттерде бұлттылықтың аумағы айқын көрінетіндіктен, 
циклондардың орналасқан жерін және атмосфералық фронттар туралы 
нақты мәлімет алуға болады. Бұл суреттерді теледидарда ауа райын 
түсіндіргенде жиі көрсетеді. Синоптиктер жинақталған деректерге сүй-
ене отырып ауа райы картасын жасалады. Карталар 3 және 6 сағатқа, 
тәулікке және екі тәулікке жасалады. Ауа райы туралы мәлімет авиация 
үшін өте маңызды. Белгілі бір жерлерде, жергілікті жердегі ауа райының 
нышандарына қарай отырыпта ауа райына болжам жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет