Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет65/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

58
Бора –
теңіз жағалауына жақын орналасқан аласа таулардан теңізге 
қарай соғатын суық жел. Көбінесе суық кезеңдерде соғатын жел (Байкал-
дың батыс жағалауы – сарма, Прованс – мистраль т.б.).
26-сурет
. Бораның пайда болу сызбасы
Тау сілемдері, жоталар батыстан шығысқа қарай орналасатын болса, 
солтүстіктен оңтүстікке қарай суық ауа массасының еркін өтуіне кедергі 
жасайды. Батыстан шығысқа қарай жылжыған ылғалды ауа массасы, 
таулы аймаққа жеткенде, тау беткейлерімен жоғары көтеріліп, жа-
уын-шашынның мөлшерін көбейтеді.
Жазық жерлерде, атмосфераның циркуляциясына және ауа райы-
на әсер етеді. Қыс айларында Қазақстанның жазық жерлерінің негізгі 
бөлігінде тұрақты қар жамылғысы жатады. Қар күннен келген жылуды 
кері шағылыстырып температураны суытады. 
Қандай жергілікті жел атаулары сендерге таныс және оларды атаңдар. Аталған желге 
қатысты айтылатын аңыз әңгімелерді білесің бе?
Сұрақтар мен тапсырмалар
Білім және түсінік
1. «Климат» ұғымының мағынасын аш.
2. «Жел» ұғымына түсінік беріңдер.
Қолдану
1. Қазақстан аумағына жауын-шашынның таралу заңдылықтарының мәнін түсін-
дір.
2. Өздерің тұратын аймаққа қандай жергілікті желдер тән? Оған сипаттама берің-
дер.


59
Сараптау
Қазақстанның климатты шұғыл континентті екендігін айғақтайтын дәлелдемелер 
келтіріңдер.
Синтездеу
Қазақстан аумағына түсетін жауын-шашын мен температура қандай жағдайларға 
қатысты екенін қорытып, бекітіңдер.
Бағалау
Әрбір климатқа қалыптастырушы факторлардың маңызын бағалаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет