100
қыздырушы, ал тереңдіктегі сулар суытушы қызметін атқаратын жылу
электрстансалары салынуда.
Дүниежүзілік мұхит – табиғи ресурстардың қазынасы, биологиялық,
минералды және энергетикалық ресурстардың көзі болып табылады. Мұ-
хитты игеру адамзаттың болашағына тікелей байланысты. Адамзаттың
болашағы Мұхит ресурстарының игерілуіне тікелей байланысты.
Дүниежүзілік мұхит адамзат үшін ақуызды қоректің маңызды көзі
болып табылады. Балықтарды, теңіз жануарларын, шаянтәрізділерді,
балдырларды және түрлі теңіз өнімдерін аулау жыл
сайын өсіп бара жа-
тыр. Бір жылда мұхиттан алынған өнімдердің жалпы салмағы шамамен
60 млн тоннаны құрайды. Ары қарай қалпына келуіне зиянын тигізбей
балық аулау мүмкін емес, себебі, ол мұхиттағы қоректік тізбекті бұзуы
мүмкін, ал ол өз кезегінде балық өнімділігін азайтады.
Қазір теңіз және мұхит суларында
балық аулау кәсібімен 210 елдің балық
аулаушылары айналысады. Жануардан
алынатын ақуыздың шамамен 20%-ын
адамдар мұхиттан алады.
Мұхит түбінде жүргізілген геология-
лық зерттеулер көрсеткендей, ол жерде
ірі мөлшерде көмір, марганец, никель,
кобальт және шаруашылыққа қажетті
басқа да сирек кездесетін элементтердің
кен орындары бар екендігі анықталды.
Аса қатты
тереңдіктерде құрамында
полиметалы бар металды тұнбалардың
53-сурет
. Дүниежүзілік мұхит ресурстары
Достарыңызбен бөлісу: