Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


 Қатал тропиктік циклондардың зардап-



Pdf көрінісі
бет110/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

4. Қатал тропиктік циклондардың зардап-
тары. 
Тропиктік циклондар айналаны қиратып, 
талқандап, көптеген адамдардың өліміне себеп-
кер болды. 
1963 жылдың қараша айында Куба қала-
сының үстінен 
Флора
дауылы өтті. Бес күн бойы тоқтаусыз соққан жел, 
жергілікті халыққа шексіз зардаптар әкелді. Дауылдың жылдамдығы 65 
м/сек-қа дейін жетті. Биік теңіз толқындары, тропиктік нөсерлер, жел, 
су тасқындары өз жолындағы барлық затты қиратып өтті. Флора дауылы 
шамамен 5 мың адамның өліміне себепкер болды.
1969 жылдың тамызында Кариб теңізінде пайда болған Камилла да-
уылы алдымен Кубада, содан кейін, АҚШ-та ойран салды. Желдің жыл-
дамдығы 100 м/сек болды. АҚШ елі көп зардап шекті, оңтүстік-шығыста 
теңіз курорттары жойылып, адамдар шығыны болды. Жел және судың 
әсерінен ғимараттар, көпірлер, айлақтар, телеграф желілері қирады. АҚШ 
тарихында Камилла дауылы сияқты жойқын зардап әкелген жел болмаған.
тайфундар –
қуатты тропиктік циклондардың қиыр шығыстағы ата-
уы. Дауыл сияқты оның да жойқын энергиясы бар. Күшті тайфундардың 
қирату деңгейі өте жоғары.
Ең жойқын апаттар мен адам өлімдері 
жағалық аймақтардың кенеттен су басуынан 
болады. Осындай жерлердің бірі – Бенгал 
шығанағының солтүстік жағалауы. Бұл жерде 
дауылды толқындардың биіктігі 10-12 м-ге 
жетеді. Жел әсерінен пайда болатын толқын-
дардан Үндістан, Бангладеш сияқты мемлекет-
тер жиі зардап шегеді. Мысалға, 1970 жылы 
ең жойқын циклондардың бірінен – шамамен 
300 000 адам қайтыс болды.
Апатты қиратулар
 
цунамимен
байланысты. 
Әсіресе, Тынық мұхиты үшін бұл өзекті мәселе, 
себебі, бұл жерде әлемде тіркелген цунамидің 
80%-ы орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет