Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет109/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Қосымша ақпарат: 
Тынық мұхитындағы 
тайфундарға әйел аттарын беру екінші 
дүниежүзілік соғыстан кейін, ал Атлант мұхи
-
тының дауылдарына әйел аттарын беру 1953 
жылдан басталды. Адам есімінен басқа, Тынық 
мұхитының тайфундарына төрт таңбалы сандар 
беріледі. Бірінші екі цифр жылды, ал соңғы екеуі 
осы жылдағы тайфунның реттік нөмірін білдіреді. 
Мысалға, 7219 нөмірі – Тара тайфунының 1972 
жылы пайда болғанын және сол жылдағы 19-шы 
тайфун екендігін білдіреді.


95
құлдилаған немесе жер бетінен көтеріліп бара жатқан воронканы немесе 
«піл тұмсығының» пішінін еске түсіреді. Құйын 20 м/сек жылдамдықпен 
ондаған шақырым жүре келе, төменнен шаң, су, көлік, үй басқа да түрлі 
ауыр заттарды өзіне тартып, ұшырып әкетеді. Өте қатты құйындар өзімен 
бірге жаңбыр, найзағай, бұршақ жауындарын әкелуі мүмкін.
Құйындардың аса тереңірек зерттелуі бойынша, олардың пайда болу 
себебі 
найзағайлы бұлттар
деп танылады. Найзағайлы бұлттар тез қозға-
латын ауа ағындарын тудырады.
торнадо – 
мұхитта болатын құйынның америкалық атауы. Мезо-дауыл 
–қатты жылдамдықпен айналатын қуатты құйынның бір түрі. Торнадо 
кез келген құрылысты қиратып, өз жолында кездескен әрбір затты ұсақ 
бөліктерге бөліп тастауы мүмкін. Торнадо – құйын өзгешелігіне және 
шамасына қарай әртүрлі пішінде кездеседі, мысалы: «пілтұмсық», құбыр, 
құйғыш, бағана сияқты. Торнадо сағат тіліне қарсы бағытта айналады. 
Торнадоның ішінде төмендеген қысым байқалады, ол өзіне ауаны, суды, 
топырақты, жер бетінде не бар соның барлығын тарта отырып, «сорғыш 
эффектісін» тудырады.
дауыл – 
қысқа мерзім ішіндегі желдің күрт күшеюі. Көбінесе найзағай 
немесе нөсер алдында, суық фронтты циклондардың өтуі кезінде, жер 
бетінен қызған ауа массаларының тез биікке көтеріліп, оның орнына 
тығыз суық ауаның төмен түсуі кезінде орын алады. Суық және тығыз 
ауаның жерге түсуі кезінде, түйдек-жаңбырлы бұлттар пайда болады. 
Жеке алынған дауылдың ұзақтығы бірнеше минут, жел жылдамдығы 
әдетте 20-30 м/сек асады. 
51-сурет
. Торнадо


96
Дауылдар құрлықта ағаштарды сындырып, 
электр желілерін үзіп, жеңіл ғимараттарды 
зақымдайды және үйлердің шатырларын жұлып 
әкетеді. Дауылдан бір айырмашылығы ол дауыл-
дың қысқа ұзақтығына байланысты. Дауылдар 
көбінесе атмосфералық фронттардың түйіскен
жерінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет