Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 30. мұхиттарға қатысты апаттар



Pdf көрінісі
бет107/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 30. мұхиттарға қатысты апаттар
негізгі ұғымдар: 
апаттар, тропиктік циклондар, цунами, торнадо, 
ураган, құйын.
Мұхитқа қатысты апаттардың ішіндегі ең жойқыны (БҰҰ мәліметі 
бойынша), әсіресе, тропиктік циклондар деп саналады. Олар тайфунды, 
құйынды, дауылды, торнадоны, боранды тудыра алады.
1. тропиктік циклондар – 
тек тропиктік ендіктерде мұхиттардың үстін-
де болатын қарқынды күшке ие атмосфералық құйындар. Солтүстік жарты 
шарда циклондардың айналуы сағат тіліне қарсы жүреді, ал Оңтүстік 
жартышарда – керісінше, сағат тілінің бойымен. Тропиктік циклондармен 
бірге дауылды желдер және жойқын найзағайлы жаңбыр қабаттас жүреді. 
Қатты желдер орасан зор мұхиттық толқындарды тудырады. Бір мезгілде 
орын алатын, осы құбылыстардың жиынтығы қолайсыз жағдайларға
табиғи апаттарға, адамдардың өліміне, су басуларға әкеп соғады.
Тропиктік циклон туралы алғашқы мәлі-
мет қалдырған Христофор Колумб болған. Сол 
кезде Вест-Индия деп танылатын Америка 
жағалауларынан қайтып бара жатқанда, ол 
Азор аралдарының батысында болған дауылға 
тап болады.
Адамдарды соншалықты үрейлендіретін 
қандай апат? Олар қалай пайда болады?
Тропиктік циклондар, әдетте, тропиктік 
аймақта мұхиттардың бетінде пайда болады. 
Әсіресе, 5 және 20
о
с.е. пен о.е. арасында 
байқалады.
Солтүстік жартышарда тропиктік циклондар келесі аудандарда пайда 
болады: Атлант мұхитының – Мексика шығанағында, Кариб теңізінде, 
Антиль және Жасыл мүйіс аралдарында; Үнді мұхитының – Бенгал шыға-
нағында және Аравия теңізінде; Тынық мұхитының – Каролин, Мариан, 
Маршалл және Гавай аралдарында.
Пайда болу аудандарына байланысты тропиктік циклондар жергілікті 
атауларды алады. Солтүстік Атлант, Солтүстік Американың маңында және 
Тынық мұхитының оңтүстігінде – оларды 
дауыл
, ал Қытай, Жапония, 
Вьетнам жақтарда – 
тайфун
деп атайды. Үнді мұхитында, Аустралия-
ның маңында – оларды 
вилли-вилли
, Оңтүстік Үнді мұхиты айдынының 
үстіңгі жағында – 
аракандар
, ал Аравия теңізі және Бенгал шығанағы-
ның жоғарғы жағы – оларды 
циклондар немесе дауылдар
деп атайды. 
Тропиктік циклонды Колумб былай 
суреттейді: 
«Мен ешқашан мұн-
дай биіктікке көтерілген, қорқынышты, 
көбікке тола теңізді көрген емеспін. 
Жел біздің алға жылжуымызға, теңіз 
айлағынан шығуымызға бөгет жасады. 
Теңіздің беті үлкен отты қазанда қай-
нап жатқан су сияқты болды... Кемелер 
басқаруды, шлюпкаларды жоғалтты...»


94
Тарихи қалыптасқандай, тропиктік 
циклондарға әйел аттарын береді. Тро-
пиктік циклондар туралы мәліметтер 
алмасқан кезде, оларды тек ендік және 
бойлық арқылы анықтамай, арнайы
атаулар беріп қолдану оңайырақ болып 
шықты.
Желдердің мұхиттардағы жыл-
дамдықтары: Үнді мұхитындағы цик-
лондар – 10-12 км/сағ, Атлант мұхи-
тындағы дауылдар – 17 км/сағ, ал 
Тынық мұхитындағы тайфундар орта 
есеппен 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет