§ 38. табиғи-аумақтық кешендер
негізгі ұғымдар
: географиялық қабық, табиғи аумақтық кешен (ТАК),
ландшафт, ландшафттану, тұтастық, зат айналымы, ырғақтылық,
зоналылық.
1. табиғи-аумақтық кешендердің пайда болуы.
«Литосфера», «Гид-
росфера», «Атмосфера» тақырыптарын оқып танысу кезінде сендер та-
биғаттың түрлі компоненттерімен таныстыңдар және олардың барлығы
бір-бірімен өзара әрекеттесіп, сыртқы және ішкі күштің, түрлі үрдістердің
әсерінен өзгеретіндігіне және барлығы бірігіп,
географиялық
қабықты
құрайтындарына көздерің жетті.
Географиялық қабықтың басқалардан бір ерекшелігі – бұл қабықтағы
заттар үш агрегатты күйде (қатты, газ, сұйық) болады және бір-бірімен
әрекеттеседі. Географиялық қабықтағы жағдайлар тіршіліктің қалыпта-
суына қолайлы орта болып шықты.
Географиялық қабықтың айқын шекаралары жоқ. Бұл жер бетінде
бірнеше ондаған шақырымға созылып жатқан жұқа қабықша, бірақ дәл
осы жерде тіршілік пайда болып дамыды. Географиялық қабық – адамзат
қоғамының өмір сүретін ортасы. Адам әрекетінің әсері күн өткен сайын
қарқындап дамып барады.
Достарыңызбен бөлісу: |