Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет158/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Алтай тіл әулеті
тіл тобы
тіл тобының халықтары
Түркі
Қазақтар, түріктер, татарлар, чуваштар, башқұрттар, өзбектер, 
қырғыздар, түрікмендер, қарақалпақтар, ұйғырлар, әзірбайжандар
хакастар, тувалықтар, якуттер және т.б.


136
Монғол
Монғолдар, буряттар, қалмақтар
Тұңғыс-
манжұр
Амур маңы халықтары, эвендер, эвенктер
Алтай тіл әулеті 5 топтан тұрады:
1. Түркі 
2. Моңғол
3. Тұңғыс-манжұр 
4. Корей 
5. Жапон 
5-кесте
Қытай-тибет тіл әулеті
тіл тобы
тіл тобының халықтары
Қытай
Қытайлықтар және хуэй халқы
Тибет-бирмалық
Тибеттіктер, бирмалықтар, канаури, карендер, неварлар 
және т.б.
3. Қазақстан аумағында тұратын этностар. 
Дүниежүзіндегі, қазіргі 
таңдағы мемлекеттердің көпшілігін этносаралық елдер деп атайды 
(АҚШ, Канада, Аустралия, Ресей Федерациясы). Этносаралық аралық деп 
есептелуі халықаралық ұйымдар мен зерттеушілердің өлшемдеріне (егер 
де халық құрамындағы негізгі емес этностың (этностардың) үлес салмағы 
5%-дан жоғары болса және т.б.) байланысты.
«Ұлт», «халық», «этнос», «ұлты» деген ұғымдарды анық ажырата білу 
керек. Ұлт – азаматтық сәйкестілікте негізделген саяси қауымдастық. 
Ұлттар жаңа кезеңдегі индустриалды және постиндустриалды қоғамның 
нарықтық қарым-қатынастың дамуымен қалыптасады. Ұлт бір (мысалы, 
герман ұлты) немесе бірнеше (бельгиялықтар, швейцариялықтар) этностық 
топтарды біріктіреді. «Ұлты» ұғымы ұлт ұғымымен сәйкес немесе сәйкес 
келмеуі мүмкін. Ресми құжаттарда (жеке куәлік, паспорт) қолданылады, 
тұрмыс тіршілікте этникалық топ ғылыми ұғымының синонимі болып 
табылады.
Көне заманның, орта ғасырдың, жаңа және қазіргі заманның этностарын 
бірдей халық деп айтуға болмайды. Қазіргі Қазақстан – этносаралық 
халықтан тұратын мемлекет. Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 
2015 жылдың 1 қаңтары бойынша 11001 адам.). Қазақтардан басқа орыс 
диаспорасы (3666), өзбектер – 535, украиндар – 295, ұйғырлар – 252, 


137
татарлар – 203, немістер – 182 және басқа да этностардан – 350 адам 
тұрады.
Қазақстан халқының этникалық құрамының басты ерекшеліктерінің 
бірі – барлық этностар (14 этностың 13-і, белорустарды қоспағанда) бір-
келкі орналаспаған, әрқайсысының нақты тұратын ареалдары бар. Қалған 
диаспораларға қарағанда (немістер, украиндар және т.б.), өзбектер мен 
ұйғырлар өздерінің басты этносы тұратын көршілес елдердің шекарасы 
маңына шоғырланған. 
Дүниежүзі қауымдастығында, Қазақстан ішкі саясатты дәйекті түрде 
жүргізетін ел ретінде саналады. Ішкі саясаттың басты ұстанымы, Қа-
зақстан халқының біртұтастығы, ұлттардың толеранттылығы, ұлтаралық 
және дін аралық ала ауыздыққа жол бермеу. Қазақстан халқы біртұтас 
және белсенді түрде бәсекелестікке қабілетті заманауи зайырлы мемлекет 
құруда.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, ұлтына және діни 
сеніміне қарамастан, 19-бапта «Әркім ана тілі мен төл мәдениетін 
пайдалануға, қарым-қатынас жасауға, оқуға, шығармашылығын дамытуға
ана тілін еркін қолдануына құқығы бар» деп жазылған. Осымен қатар, 
біздің елімізде тұрып жатқан басқа ұлттар мен этностар өздерін Қазақстан 
халқының біртұтас ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.
1995 жылдың 1 наурызында республиканың әлеуметтік-саяси аре-
насында ұлттық саясат саласында жаңа институт – Қазақстан халқы 
Ассамблеясы пайда болды. 
1998 жылы ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев 22-қыркүйек күнін – 
Қазақстан халықтарының тілдері күні деп жариялады. Атап өтетін жайт, 
соңғы 25 жылда Қазақстан жерінде этникалық немесе діни тұрғыдан 
саяси келіспеушіліктер орын алған жоқ. Ірі заманауи саясаткерлер, 
рухани жетекшілер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстанның 
діни және ұлтаралық келісімдерді нығайту тәжірибесіне ең жоғары баға 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет