140
67-сурет
. Әлемдік діндердің
таралу диаграммасы.
Пайда болу уақыты жағынан хри-
стиан
діні екінші орында; ең көп та-
ралған және әлемдік діндердің біреуі.
Христиан дінінің бір ерекшелігі – ол
тек Шіркеу түрінде өмір сүре алады.
Библия –
христиан дінінің басты де-
реккөзі. Христиан діні Еуропада, Аме-
рикада, Аустралияда аса көп таралған,
бірақ бұл діннің ұстанушылары Африка
мен Азияның кейбір бөліктерінде де
бар, бұл жерлерге ол еуропалықтардың
миссионерлік
қызметінің арқасында
келген.
ислам
– ең жас әлемдік дін, көбіне-
се араб елдерінде таралған. Ислам
VII ғасырда Арабия түбегінде
пайда
болған. Негізін салушы Мұхаммедтің
(шамамен 570-632 жж.) атына байланысты
бұл дінді кейде мұсылмандық деп атайды.
Христиан және иудаизм діні пайда болғаннан
кейін, ислам аталып өткен діндердің кейбір
белгілерін өзіне қосып алды, соның ішінде:
о дүниелік өмір, жұмақ және тозаққа деген
сенім. Мұсылмандар бір құдайға – Аллаһқа
сенеді. Оның уәкілін Мұхаммед деп таниды.
Олардың қасиетті кітабы – Құран.
Мұсылмандардың көпшілігі (1 млрд
астам) Азияның оңтүстігі мен Солтүстік Аф-
рикада тұрып жатыр. Ең ірі ислам мемлекеті
– Индонезия. Азия мен Африканың 30 мемлекетінде ислам мемлекеттік
дін ретінде қабылданған, мысалға Египетте, Иранда, Иракта, Ауғанстан-
да, Пәкістанда, Сауд Арабиясында, Мароккада және т.б. Қазақстанда да
негізгі дін – ислам діні.
Конституция бойынша Қазақстан Республикасы – демократиялық,
зайырлы мемлекет, яғни адамның діни көзқарасына қарамастан, оның тең
құқықтығына кепіл болады. Қазақстан Республикасы исламның ханафи,
христиан дінінің православ бағытының
халықтың рухани және мәдени
өміріндегі тарихи рөлін мойындайды.
Еуропада ислам діні Балқан түбегінде және Германиядағы түрік им-
мигранттарының арасында кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: