141
Әлемдік діндерден басқа, жекелеген халықтар ұстанатын ұлттық
дін дер бар. Мысалға, Үндістанда – индуизм, Қытайда – конфуцианство,
Жа понияда – синтоизм, Израильде иудаизм таралған. Иудаизм – еврей
халықтары ұстанатын ұлттық дін.
Қазіргі замандағы әлемдік діндердің рөлі туралы келесі мәліметтерден
білсе болады:
– дүниежүзі тұрғындарының орасан зор бөлігі қандай да бір әлемдік
діннің ұстанушылары;
– көптеген елдерде діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, бірақ дін-
нің қазіргі қоғамның саяси өміріне ықпал етуі айтарлықтай рөл атқаруда;
– дін – мәдениеттің бір түрі ретінде адамгершілік құндылықтар-
дың және нормалардың басты бір көзі болып табылады. Ол адамдардың
күнделікті өмірін реттеп, жалпы адами моральдың қағидаларын сақтап
отырады.
Кез келген елде діннің мәдени мұраның қайта жаңаруына және оны
кемелдендірудегі рөліне баға жетпес.
Достарыңызбен бөлісу: