Сұрақтар мен тапсырмалар Білім мен түсінік 1. Табиғи ресурстар дегеніміз не? Сарқылатын екі табиғи ресурс түрін атаңдар.
2. Сарқылатын табиғи ресурстар екі топқа бөлінеді. Оларды атаңдар.
3. Қалай ойлайсыңдар, бұл тақырыптан алынған білім не үшін керек? Өмірлеріңе
қалай көмектесуі мүмкін?
Қолдану 1. Сендердің тұратын жерлеріңде өсіп жатқан дәрілік өсімдіктер табиғи ресур-
стардың қай түрлеріне жатады? Оларды қалай қолданады? Егер қолданбаса, оның
орнына қандай ұсыныс жасай аласыңдар?
2. Жел энергиясының сарқылмайтын қоры адамзатқа жүздеген жылдар бойы
көмегін беруі мүмкін. Бірақ бұл үшін не істеу керек? Қазақстанда жел электрқон-
дырғыларын салатын жерлер бар ма?
3. Сендердің тұратын жерлеріңдегі климат ауыл шаруашылығына және көлік
қатынасына қалай әсер етеді?
4. Глоссарийдан «жерді рекультивациялау» (жерді қайта өңдеу) терминін табыңдар.
Не екенін өз ойларың бойынша түсіндіріп көріңдер.