160
Сөйтіп, табиғи ресурстарды игеру және қолдануға қатысты мәселелер
екі негізгі бағыттан туындайды. Бірінші – игеру және қолдану қиындығы,
екінші – экологиялық зардаптары.
Қазіргі таңда бұл мәселелерді шешу үшін ғалымдар қандай жолдарды
ұсынады?
1. Мемлекеттің ресурсты сақтау саясаты – минералды шикізаттарды
қайта өңдеу және үдемелі байыту технологияларын енгізу.
2. Тау-кен өндірісіндегі қалдықтарды жою немесе қайта өңдеу (ути-
лизациялау)*.
3. Шикізатты өндіретін аудандардағы топырақты қайта өңдеу (ре-
культивациялау)*.
4. Энергия және материал жұмсалуының* шығынын азайту.
5. Екінші ретті шикізаттарды қолдану (металл қалдығы, макулатура,
күлдер, ЖЭС-тегі қоқыс қалдықтары және т.б.)
6. Сумен қайта жабдықтау* жүйесін жетілдіру.
7. Шикізат базаларының жанында аумақтық-өндірістік кешендерді
салу.
8. Бұл мәселені шешудің бір жолы, ол басқа арзан шикізат көзін табу
болып табылады.
Өз аудандарыңда,/Қазақстанда/дүниежүзінде табиғи ресурстарды
игеруге байланысты мәселелерді басқа қандай жолмен шешу керек деп
ойлайсыңдар? Төбеде көрсетілген шешу жолдарының қайсысын қазіргі
уақытта орындауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: