Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 52. деректердің экономикалық географиялық қоры



Pdf көрінісі
бет183/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 52. деректердің экономикалық географиялық қоры
негізігі ұғымдар:
«картографиялық/географиялық деректер қоры.
«(КДҚ)», «ГАЖ».
Өткен тақырыптаға барлық ақпараттар белгілі бір деңгейде, әлеумет-
тік-экономикалық карта жасау үрдісінде қолданыс табады. Деректерді 
автоматты түрде пайдалану нәтижесінде, картографиялық/географиялық 
деректер қоры деген түсінік қалыптасты (КДҚ). Оның құрылымы өте 
күрделі. Құрылымына, нақты тақырыптық міндеттерді және т.б. шешу 
үшін деректерді автоматты түрде өңдеу жүйесі, деректер базасы және оны 
басқару жүйесі, қолданбалы бағдарлама пакеттері кіреді.
Әлеуметтік-экономикалық картографиялауда, жасап жатқан картаның 
параметріне сәйкес келетін, арнайы деректер қорын қолданған тиімді бо-
лып есептелінеді. Бұл қор, құрылымы және жоспары жағынан қажетті 
ерекше ақпараттармен қамтамасыз етілген. КДҚ сияқты арнайы құры-
лымдық ұйымдар, географиялық деректерді жүйелі түрде өңдеп, қажетті 
тақырыптық карталарды автоматты түрде жасап береді.
Осындай жолмен алынған картографиялық бейнені, таралымы, бел-
гілері және қолданылуына қарай негізгі үш түрге бөледі.
Ақпаратты цифрлау арқылы алынған бірінші және ең қарапайымын 
картографиялық модель
деп атайды. Бейне экранда көрініс беріп, цифрлау 
және редакциялау үрдісіне бақылау жүргізеді.


162
МКМ-ң көмегімен өңделген ақпарат арқылы, екінші аралық 
модель 
түрі
пайда болады. Бұл модельде қарапайым, қысқартылған шартты бел-
гілерді қолданады. Бұл карталар, алдыңғы үрдістердің сапасын, бағытын 
тексеру үшін және ары қарай өңдеу жұмыстарын сараптау үшін, картаны 
жасаушылардың өздері ғана пайдаланып, экранның дисплейіне немесе 
қосымша қондырғылар (принтер, плоттер) арқылы (сапасы төмен болған 
жағдайдың өзінде де) шығарып қояды.
Картаның соңғы үшінші түрі, тұтынушыларға арналған немесе 
мо
-
дельдеудің қорытындысы
болып есептелінеді. Бұл карта сапалы , әртүрлі 
түсті қолданған және картографиялық стандартқа сай жасалған туынды.
Қорытынды картаны жасауға арналған барлық ақпараттық деректер 
қорында сақталады. Деректер қоры КДҚ-ң маңызды құрамдас бөлігі. Гео-
графиялық нысандардың, олардың қасиетін, байланысын, қарым-қаты-
насын мүмкін болған максимум деңгейге дейін толық ақпарат жиналған
жиынтық деректер. Қысқаша айтатын болсақ, деректер қоры дегеніміз 
– зерттеу нысанының цифрлық геоақпараттық моделі.
Әлеуметтік-экономикалық картографиялау үшін, экономиканың және 
халыққа қызмет көрсетудің негізгі саласы, тұрғындар және елді мекендер, 
экологиясы және табиғатты тиімді пайдалануы туралы деректер қорының 
болуы өте тиімді. Көбінесе ақпараттар цифрлармен беріліп, КДҚ-да бір 
мезетте бірнеше түрі пайдаланылады. Бұл жағдайда, барлық дереккөздер 
арасында сәйкестік болуы үшін қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстың орындалуына кіретіндер:
– Картадағы нысандардың қасиеті сипатталған, генерализациялауға 
қажет факторлардың мәні және құрастыру кезеңдері бар фактлер қоры;
– Құрастырудың негізгі заңдылықтары жазылған, қағидалар қоры;
– Құрастырудың қағидаға сәйкес жәйттері мен оны орындауды қам-
тамасыз етуші, қорытынды шығарушы логикалық блок;
– Картографтың жұмыс істеу кезінде, қағиданың мазмұнын толықты-
ратын және қайта жөндейтін жағдайда, оның сұранысы бойынша нысан-
дарды құрастыру себептеріндегі өзгерістерге түсініктеме беретін диалог 
блогы; 
Жоғарыда аталған блоктарды пайдалану нәтижесінде, сараптаушы 
жүйе картаны автоматты түрде құрастыруға мүмкіншілік береді. Авто-
матты жүйе картограф маманның қадағалауымен іске асады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет