178
лар тұрақтанды немесе біртіндеп құлдырау үстінде (кеме жасау). Жаңа
салаларда біршама көтерілу бар (автомобиль жасау). Ең жаңа салалар
жылдам және тұрақты даму үстінде (электронды машина жасау). Дүние
жүзінде төрт машина жасау аймағы бар. Солтүстік Америка (машина
жасау өнімінің барлық түрі бар), шетелдік Еуропа (машина жасау өнімін
шығару жан-жақты қолға алынған), Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия
(машина жасауға жоғары технология өнімдерін қолданады). ТМД елдері
(халықаралық маманданудың басты салалары). Қазақстанның машина
жасау кәсіпорындары, пресс-автомат (Шымкент), металл кесетін станок
(Алматы), аккумулятор (Талдықорған), сорғыш (насос) (Астана), рентген
аппараты (Ақтөбе) және басқа өнім түрлерін шығарады. Өнеркәсіптік
құрал-жабдық өндірістерінің ірі орталықтары Алматы, Қарағанды, Өске-
мен, Шымкент, Атырау қалаларында шоғырланған. Ауыл шаруашылығы
машиналарын шығару орталықтары Астана және Павлодар қалалары.
Қазіргі таңда машина жасау өнеркәсібін дамыту мақсатында, жаңа кәсіпо-
рындар салу үшін шетелден инвестиция тартуда. Инвестиция – медицина-
лық құрал-жабдық, ауыл шаруашылығы техникасы, дизел двигателдерін,
тамақ өнеркәсібі құрал жабдықтарын, электродвигателдерді және басқа
тауар түрлерін шығаруға бағытталған. Нәтижесінде автомобиль құрастыру
зауыттары Өскеменде, Қостанайда салынды. Швеция, Оңтүстік Корея,
Германия, Жапония елдерімен бірлескен кәсіпорындар астық комбайыны,
тұрмыстық техникалар және басқа қажетті құрал-жабдықтар шығаруда.
6. Химия өнеркәсібі
. Өнеркәсіптің негізін мұнайхимиясы және поли-
мер материалдары өндірісі құрайды. Дүниежүзінде дамыған төрт аймаққа;
АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония және ТМД елдері жатады. Әрқайсысында
таукен химия өнеркәсібі, минералды тыңайтқыштар өндірісі, органикалық
синтез химиясы және полимер материалдар өндірісі дамыған.
Қазақстанның химия өнеркәсібі, Оңтүстік және Батыс Қазақстанның
мол қоры бар фосфориті, дамыған мұнай-газ өнеркәсібі, металлургия
кәсіпорындарындағы күкіртті-газ өңдеу, Оңтүстік және Солтүстік Қа-
зақстанның бай тұз қорының негізінде дамыған. Атырау химия зауыты
–полиэтилен және пропилен, Ақтау пластмасса зауыты соққыға шыдамды
және көбіктенетін полистирол шығаруға маманданған. Теңіз мұнай-газ
кен орны игерілгеннен бері Ақтау химия зауыты шикізатпен толық қам-
тамасыз етілген.
7. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі
.
Таралу географиясы екі ор-
ман белдеуіне байланысты. Солтүстік орман белдеуі қылқан жапырақты
ағаштарды дайындайды. Жақсы дамыған өңірлеріне Канада, Финляндия,
Швеция және Ресей жатады. Оңтүстік орман белдеуі жапырақты ағаштар-
179
ды дайындайды. Орман шаруашылығы
тропиктік Африкада, Бразилияда және
Оңтүстік Шығыс Азияда дамыған. Бізің
еліміз орман ресурстарына тапшы мем-
лекет. Негізінен – шығыс және оңтүстік
аймақтарда өседі.
8. Тоқыма өнеркәсібі
. Құрамына
табиғи және химиялық талшықтан
мата өндіру кәсіпорындары кіреді.
Дүниежүзінің барлық елінде тоқыма
өнеркәсіптері жұмыс істейді. Басты
орталықтары:
Шығыс Азия, Оңтүстік
Азия,ТМД елдері, Еуропа, АҚШ. Аталған аймақтарда мақта-мата және
химиялық талшық маталары шығарылады. Соңғы кездері экономикасы
дамыған елдерде тоқыма өнеркәсібінің көрсеткіші бәсеңдесе, дамушы ел-
дерде керісінше қарқынды даму үстінде. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп –
көптеген елдердің бюджет қорын толтырып отырған, экономиканың
жетекші салаларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: