Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


 Ауылшаруашылығы және балық шаруашылығының географиясы



Pdf көрінісі
бет199/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

2. Ауылшаруашылығы және балық шаруашылығының географиясы. 
Ауылшаруашылығы материалдық өндіріс саласына жатады. Шаруашы-
лықтың 50-ден астам түрі бар және шамамен 1,1 млрд адам жұмыспен 
қамтылған. Барлық шаруашылық түрлері мен ауыл шаруашылық тип-
терін біріктіріп, екі топқа бөледі:
1) 
тауарлы ауылшаруашылығы 
– интенсивті егіншілік және жем-шөп 
даярлайтын малшаруашылығы, бау-бақша, ауыспалы егіншілік, жайы-
лымдық малшаруашылығы;
2)
тұтынушы ауылшаруашылығы –
дәстүрлі шаруашылық түрі. Жер 
жыртып егін салу, көшпелі немесе жартылай көшпелі малшаруашылығы, 
аң және балық аулау, жеміс-жидек теру, жайылымда мал бағу.
Экономикасы дамыған елдерде, агробизнес формасына енген, жоғары 
тауарлы ауыл шаруашылығы басым. Қазіргі ҒТР-дың дамуына байла-
нысты ауыл шаруашылығы механикаландырылу мен химикатталудың 
шегіне жетіп тұр. Шаруашылықтың дамуына, микроэлектрониканы ен-
гізу, автоматтандыру, сұрыптаудың жоғары көрсеткіші, биотехнология 
қарқынды әсер етуде.
Дамушы елдерде ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы басым. Өткен 
ғасырдың 50-60 жылдарында, заманауи агротехниканы қолдану арқылы 
ауыл шаруашылығын түрлендіру жақсы жолға қойылды. Бұны «жасыл 


175
революция» деп атайды. «Жасыл революция», ҒТР-дың бір формасы. Тез 
пісетін дәнді дақылдарды егу, ирригация көлемін ұлғайту, техниканы 
және тыңайтқышты кеңінен қолданып, мол өнім алу жолдары. «Жасыл 
революция» Мексикада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда үлкен 
қолдау тапты.
Ауылшаруашылығы құрылымына қарай екі үлкен салаға бөлінеді: 
өсімдік және малшаруашылығы. Өсімдікшаруашылығы, дәнді дақыл, 
азық-түліктік және азық-түліктік емес деп үшке бөлінеді. Азық-түлік 
шаруашылығы құрылымының басты өнім түрлері: дәнді дақыл (бидай, 
күріш, жүгері), майлы дақылдар (соя, күнбағыс, зәйтүн, арахис), қантты 
дақылдар (қант құрағы және қызылша), сергітпе дақылдар (шай, кофе) 
және бау-бақша мен жеміс-жидек өнімдері. Қазақстанның «бау-бақшасы» 
деп оңтүстік аймақтарды атаймыз. 
Неге олай деп ойлайсыңдар?
Малшаруашылығы саласының географиясы, малдың орналасуы және 
санымен анықталады. Мал басы өркендеген елдер: Ірі қара (Үндістан, 
Бразилия, АҚШ). Шошқа (Қытай), қой (Еуропа, Солтүстік Америка) 
Қазақстаның барлық аймақтарында малшаруашылығымен айналыса-
ды. Алайда, малдың түріне қарай солтүстікпен оңтүстік арасында біршама 
айырмашылықтар бар. 
Себебін түсіндіріңдер?
Ауылшаруашылығы құрылымында балықшаруашылығының да ролі 
жоғары. Дүниежүзіндегі балықтың 9/10 бөлігі теңіздер мен мұхиттардан 
ауланады. Балық шаруашылығы географиясында ХХ ғасырдың екінші 
жартысы үлкен өзгеріс алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін 
және одан кейінгі уақыттарда негізгі ауданы Солтүстік Атлант мұхиты 
болса (Норвегия, Дания, Ұлыбритания, Германия, АҚШ), қазіргі кездері 
оның орталығы Солтүстік Тынық Мұхитына ауысты. Балық аулау барлық 
жерде қолға алынғанымен жетекші мемлекеттерді атамай кетпеуге болмас. 
Олар Жапония, Қытай, Ресей, АҚШ, Чили, Перу. Соңғы кездері балықты 
жасанды жолмен көбейту кең етек жаюда (аквакультура).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет