174
§ 59. дүниежүзілік шаруашылықтың салалары:
ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп
негізгі ұғымдар
: «дүниежүзілік шаруашылық», «дүниежүзілік шаруа-
шылықтың салалық құрылымы», «ауыл шаруашылығы», «өнеркәсіп».
1. дүниежүзілік шаруашылық
– Бір-бірімен дүниежүзілік экономика
арқылы байланысып, тарихи қалыптасқан дүниежүзі елдерінің ұлттық
шаруашылығының жиынтығы.
Дүниежүзілік шаруашылық адамзаттың пайда болуынан бері қалыпта-
сып келеді. Шаруашылықтың дамуына бірден-бір себепші болған ұлы
географиялық ашылулар (XV–XVII ғ.ғ.), десек артық болмас еді. Жаңа
жерлердің немесе континенттің ашылуы, сауда жасауды дамытты. Сауда
мемлекет аралық қарым-қатынасты нығайтты. Өнеркәсіптік революция
(ХVIII–ХIX ғғ.), машина индустриясының дамуына ықпал етті. Дүние-
жүзілік нарықтың және көліктің дамуы, дүниежүзілік шаруашылықтың
қалыптасуындағы негізгі факторлар. Жоғарыда аталған факторлардың
әсер етуінен XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Дүниежүзілік
шаруашылық қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: