инфрақұрылым кешені 8-кесте коммуникация- лық жүйе Қызмет көрсету аясы Көлік байланысы 1. Сауда және қоғамдық тамақтану (дүкендер, кафе, асхана
және т.б.)
2. Тұрмыстық қызмет көрсету (жөндеу орындары, ателье,
шаштараз, монша)
3. Үй-коммуналдық щаруашылық
4. Мәдениет және өнер
5. Білім және ғылым
6. Денсаулық сақтау және дене шынықтыру
7. Қаржы-несие жүйесі (жинақбанктері, сақтан дыру және
қаржы ұйымдары, инвестициялық қор)
8. Мемлекттік басқару, қорғаныс, тәртіпті сақтау
Инфрақұрылымды дамытпай қоғамның тыныс-тіршілігін ретке келтіру
мүмкін емес. Бұл жерде негізгі рөлдердің бірін коммуникациялық жүйе-
көлікпен байланыс атқарады. Көлік кешенінің басты міндеті – көлік тора-
бын жетілдіру, ал байланыс үшін – заманауи технология түрлерін дамыту.
Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі орналасу факторы: Халықты
орналастыру.
Әлеуметтік инфрақұрылымның салалары:
1. Сауда – халық тұтынатын тауарларды сатады. Сауда жұмысының
негізгі көрсеткіші-оның көлемі (сауда айналымы) және құрылымы.
2. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары (шаштараз, киім жуу,
химиялық тазалау, техниканы, аяқ-киімді, киім-кешекті жөндеу және
т.б.) көбінесе қалаларда орналасқан.
3. Денсаулық сақтау саласы – әртүрлі аурулардың алдын алу не месе
емдеуде басты рөлді атқарады. Негізгі орталықтары Алматы, Астана,
Қарағанды және Семей қалаларында орналасқан.
4. Білім беру саласы – әлеуметтік салалардың арасындағы адам саны
ең көп сала.
5. Халықтың демалысын ұйымдастыру саласы – адамдардың (туристер)
немесе ұйымдардың( турагенттіктер, қонақ үйлер) іс-әрекеті. Демалыс-
денсаулықты қалпына келтіру рекреациясына бағытталған.