§ 57. Сарамандық жұмыс тапсырмалар 1. Конструктор режиміндегі «Қазақстанның көлік жүйесі» кестесін
жасау.
Ол үшін «Деректер базасы» терезесінде «Кесте» батырмасын таңдап,
«Құру» батырмасын басыңыз. «Жаңа кесте» терезесінде жаңа кестенің
құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз. Оған атауын және
негізгі өрісін енгіземіз.
«Қазақстанның көлік жүйесі» деген ұғымды негізгі етіп қоямыз да,
«негізгі өріс» нүктесін басамыз. Кестені «Қазақстанның көлік жүйесі»
деп сақтап қоямыз. Кестені жауып, тапсырманың орындалу жағдайына
қортынды жазыңдар.
2. Жасалған сарамандық жұмыстың негізінде Қазақстан Республикасы
немесе өзіңнің тұратын жерің туралы деректер қорын жасаңдар. Тақыры-
бы «Әкімшілік-аумақтық бөлінісі». Оған қосымша мәліметтерді оқулық
мәтіндерін және R сайтын пайдалан.