§ 67. №1-сарамандық жұмыс. Елдердің географиялық жағдайы 1-тапсырма . Географиялық жағдайы ішкі континентті, теңіз шекарала-
ры бар, түбек, аралда орналасқан (таңдау бойынша 5 елден) елдерді кескін
картаға белгілеңдер. Таңдап алынған елдердің географиялық жағдайының
плюсы мен минусын түсіндіріңдер.
2-тапсырма .
Топпен жұмыс . Қазақстанмен шектесетін елдердің ке-
стесін құрастырыңдар. Экономикалық интеграцияда ол елдермен қандай
тиімді тұстары барын түсіндіріп, бағала.
Жауапты әзірлеу үшін қосымша rubricon.com – Рубрикон. Энцикло-
педический портал сайтын және оқулық мәтінін пайдалан.
№2-сарамандық жұмыс. Елдердің экономикалық- географиялық жағ дайы 1-тапсырма . Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына
жоспар бойынша сипаттама беріңдер.
1. Шекарасына экономикалық және саяси баға бер.
2. Көлік жолдарының халықаралық маңыздылығына қарасты жағдайы.
3. Физикалық-географиялық нысандарға қатысты экономикалық
жағдайының маңыздылығы.
4. Уақытқа қатысты экономикалық-географиялық жағдайының өзге-
руі (әлеуметтік-экономикалық құрудағы өзгерістерге қатысты, аумақтың
құрамына, көліктің дамуына және тағы басқа факторлар).
Қазақстанның ЭГЖ-на қорытынды жасаңдар.
2-тапсырма . Өз елі жайлы зерттеген ғалымдардың еңбегін бағалаңлар.
«Менің өңірімнің зерттеушілері» атты тақырыпта реферат жазыңдар.
Қажетті материалдарды жергілікті жердегі мұражайдын, мектеп кітапха-
насынан қарастырыңдар.