Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата12.03.2020
өлшемі5,74 Mb.
#60009
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Fiz 9KZ

§41.
 
рЕНтгЕН СәуЛЕЛЕрі

234
ПРОЕКТ
Кванттық  пайымдау  бойынша  электрон  үлкен  жылдамдықпен 
металл  атомына  соғылғанда,  оның  ядросына  неғұрлым  жақынырақ 
деңгейлердегі электрондарын жұлып шығарады. Сөйтіп, босаған элек- 
трондардың  орнына  ядродан  алысырақ  энергетикалық  деңгейлерде 
орналасқан  электрондар  ауысады.  Электрондардың 
m  энергетикалық 
деңгейден 
n  энергетикалық  деңгейге  өтуі  кезінде  атомның  ішкі  энер-
гиясы ∆
Е = Е
m
 – Е

шамасына кемиді. Атом кеміген энергия есебінен 
энергиясы ∆
Е = Е
m
 – Е
n
 hν
mn
 болатын фотондар ағынын шығарады. 
Осы  фотондар  ағыны  жиілігі  үлкен 
рентгендік  сәулелер  болып  табы-
лады. Мұндағы ν
mn
 рентген сәулесінің жиілігі.
3.  Рентгендік  сәулелердің  пайда  болуын  классикалық  электр-
магниттік теория негізінде де түсіндіруге болады. Жылдам электрондар 
металл атомдарына соғылғанда, олар ядроларды қоршаған электрондық 
қабаттардың  кулондық  өрістерімен  өзара  әрекеттесуі  салдарынан  те-
желеді. Тежелу барысында жылдам электрондар біраз мөлшерде кине-
тикалық энергияларынан айырылады: 
Е = Е
1
 – 
Е
2
.
Мұндағы 
Е
1
 және 
Е
2
 – электронның әртүрлі күйлеріндегі кинетика-
лық энергиялары, ∆
Е – электронның жоғалтқан энергиясы. Бұл энер-
гия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді:
Е = hν.
Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді 
тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды. 
Рентгендік сәулелердің пайда болуы туралы кванттық көзқарас пен 
классикалық  электрмагниттік  көзқарас  бұл  арада  бір-біріне  қайшы 
келмейді. Айырмашылық тек мынаған саяды: 
электрмагниттік тео-
рия  электрондардың  тежелуі  барысында  туындайтын  сәулелену  үз-
діксіз шығады деп түсіндіреді, ал кванттық теория сәулелер үзілісті 
шығады, яғни оны hν дискреттік энергиясы бар жекелеген фотондар 
ағыны шығарады деп есептейді.
4.  Рентгендік  сәулелер  мөлдір  емес  денелердің  көпшілігінен  оп-
оңай  өтіп  кетеді.  Заттың  тығыздығы  жоғарылаған  сайын,  рентгендік 
сәулелердің  өтімділігі  кеми  түседі.  Мысалы,  рентгендік  сәулелердің 
қалыңдығы  5–10  см  алюминий  пластинкасынан  бөгелмей  өтетін  болса, 
ал  қалыңдығы  1  см  қорғасын  пластинкасында  толығымен  жұтылады. 
Сонымен  қатар  олар  заттарда  химиялық  өзгерістер  туғызады  (мысалы, 
фотоқағазды  қарайтады).  Рентгендік  фотосуреттер  алу  осы  құбылысқа 
негізделген.

235
ПРОЕКТ
Рентгендік  сәулелердің  де- 
нелерден  өту  қасиеті  практика-
лық  мақсатта  кеңінен  пайдала- 
нылады. Медицинада рентгендік 
сәулелер ауруға диагноз қою үшін 
қолданылады.  Мысалы,  рент- 
гендік сәулелер сынған сүйекті, 
адам денесіндегі бөгде заттарды 
(оқты,  инені,  шегені  т.б.),  іш 
құрылысындағы  кеселді  анық-
тауды  жеңілдетеді  (сурет  6.9).  Рентгендік  сәулелерді  қолдану  арқылы 
өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі 
ақауларын,  қуыстар  мен  жарықшақтарын  табуға  болады.  Рентгендік 
сәулелердің  өтімділік  қабілетін,  химиялық  әрекетін,  энергияны  тасы-
малдап жеткізу мүмкіндіктерін сырқат органдарды емдеу үшін кеңінен 
қолданады. 
Сонымен  қатар  рентгендік  сәулелердің  тірі  организмге  тигізетін  за-
лалын да білу қажет. Рентгендік сәулелердің өтінде ұзақ болу өте зиян. 
Теледидар және компьютер мониторының экрандарына электрондар ағы-
ны соғылғанда да рентгендік сәулелер пайда болады. Мұндай құралдар-
дың қасында өте жақын әрі ұзақ отыру денсаулыққа нұқсан келтіреті-
нін естен шығармау керек.
5.  Рентгендік  сәулелер 
рент-
гендік түтіктер деп аталатын ар- 
наулы қондырғыда алынады (сурет 
6.10). Ауасы сорып алынған түтік-
тің ішіне анод пен катод орналасты-
рылған. Оларға бірнеше мың вольт 
U
ак
  кернеу  беру  арқылы  электрод-
тардың арасында күшті электр өрі-
сін туғызуға болады. Мұндай өріс 
U 
айнымалы токпен қызған катодтан 
ұшып шыққан электрондарды үлкен жылдамдықпен анодқа қарай үдете 
қозғайды.  Электрондар  ағындарының  анод  атомдарымен  соқтығысуы 
нәтижесінде рентгендік 
х-сәулелер пайда болады.
Зарядталған бөлшектерді бір нүктеден екінші нүктеге дейін қозғалту 
үшін электр өрісі жұмыс атқарады. Ол жұмыс өріс нүктелері арасындағы 
кернеу  (
U
ак
)  мен  бөлшек  зарядының  (
q)  көбейтіндісіне  тең  болатынын 
8-сынып физикасынан білеміз:
                                             А = qU
ак
.                                       (6.4)
Cурет 6.9. Рентгендік бейне-суреттер
Cурет 6.10. Рентген түтігі
U
k
U
a
K
A

Су
ішке
Су
сыртқа
X

236
ПРОЕКТ
Электрондарды рентгендік түтіктерде немесе 
үдеткіштер деп атала-
тын қондырғыларда үдету құпиясы электр өрісінің атқаратын жұмысы 
арқылы  түсіндіріледі.  Расында  да,  өрістің  істейтін  жұмысы  есебінен 
электронның кинетикалық энергиясы өседі, яғни жылдамдығы артады:
                                       А = еU
ак
 = 
m v
e
2
2
.                                  (6.5)
Мұндағы 
U
ак 
–  электродтарға  түсірілген  кернеу, 
v  –  электронның 
жылдамдығы, 
m
e
 электронның массасые – электронның заряды.
1.  Рентгендік  сәулелердің  табиғаты  қандай?  Оның  басқа  сәулелермен  са-
лыстырғандағы ұқсастығы және айырмашылығы неде?
2.  Рентген сәулелерінің пайда болуын қалай түсіндіреміз?
3.  Рентген сәулелерінің оң және теріс қырларын сипаттаңдар.
4.  Рентгендік  түтікшенің  және  зарядталған  бөлшектерді  үдеткіштердің 
жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
5.  Рентгендік  астрономияның  астрофизикалық  зерттеулердегі  мәнділігін 
немен түсіндіруге болады?
6.  Төмендегі  мысалда  келтірілген  есептердің  шығару  жолдарын  түсінді-
ріңдер.
Есеп шығару мысалдары
1-есеп.  Егер  рентгендік  сәулелердің ең үлкен  жиілігі  10
19
  Гц  болса, 
онда рентген  түтігі қандай кернеуде жұмыс жасайды?
Сұрақтар
?
Есеп мазмұнын талдау
Рентген түтігінде катод пен анод арасындағы электр 
өрісінде  үдей  қозғалатын  электрон  өрістің  жасайтын 
жұмысы есебінен (
A = W
e
) мына энергияны қабылдайды: 
W
e
 = 
е · U, мұндағы е = 1,6 · 10
–19
 Кл – элементар заряд 
Берілгені
ν = 10
19
 Гц 
U – ?
деп  аталатын  электронның  заряды, 
U  –  рентген  түтігіндегі  электрод-
тарға берілген кернеу.
Егер  электрон  анод  бетімен  соқтығысып  тежелгенде  өзінің  барлық 
энергиясынан айырылса, онда ол энергия тұтастай 
Е
0
 = 
hν фотон энер-
гиясына айналады. Бұл жағдайда жиілігі ең жоғары, яғни «қатаң» рент-
гендік сәулелер шығады. Сонымен,
еU = hν, бұдан U =
h
e
ν
,

237
ПРОЕКТ
мұндағы 
h  =  6,62  ·  10
–34
  Дж  ·  с.  Формулаға  енетін  барлық  шамалар 
Халықаралық  бірліктер  жүйесінде  (ХБЖ)  берілген,  ендеше  кернеудің 
өлшем бірлігі де осы жүйе бірлігінде, яғни 
вольтпен өлшеді.
Шешуі: U =
h
e
ν
,=
6 62 10
1 6 10
34
19
,
·
· ·
, ·


Äæ
Ãö
Êë
c 10
19
= 41000 В = 41 кB.
Жауабы: U = 41 кВ.
2-есеп. Егер рентгендік түтікте электрондарды үдететін кернеу 50 кВ-
қа жетсе, рентгендік сәулелердің ең қысқа толқын ұзындығы қандай?
Берілгені
U = 50 кВ = 5 · 10
4
 В
е = 1,6 · 10
–19
 Кл 
λ – ?
Есеп мазмұнын талдау
Рентгендік түтіктегі электр өрісінің электрон- 
ды үдету кезінде істейтін жұмысы 
А = е(
1
 – 
2
) = 

еU  толығынан  электронның  Е  кинетикалық 
энергиясына айналады.
Электрон антикатодқа соғылғанда оның энер- 
гиясы түгелдей рентгендік фотонның 
Е = hν энергиясына айналды деп 
есептейміз: 
еU = hν. Мұндағы е – электронның заряды; ν =
c
λ
 (c = 3 · 10
8
 м/c – 
жарық жылдамдығы); 
һ = 6,6 · 10
–34
 Дж · с – Планк тұрақтысы. 
еU = hν 
болғанда ғана сәулелердің ν жиілігі ең үлкен шамаға, ал λ толқын ұзын-
дығы, керісінше, ең қысқа шамаға жетеді.
Сонымен,  жоғарыдағы  тепе-теңдікке  жиіліктің  ν =
c
λ
  мәнін  қойып, 
рентген сәулесінің ең қысқа толқын ұзындығын анықтаймыз: 
еU = hν =
hc
λ
, бұдан λ =
hc
eU
.
Шешуі: λ =
hc
eU
=
6 6 10
1 6 10
50 10
34
19
3
, ·
, ·
/



Äæ · · ·
ì
Êë ·
·
c 3 10
c
B
8
=0,25 · 10
–10 
м = 0,25
A
À
.
Жауабы: λ = 0,25 ангстрем.
1.  Егер  рентгендік  түтіктің  электродтарының  арасындағы  кернеуді  өз-
гертпей, катод қылының қызуын арттырсақ, онда рентгендік сәулелер-
дің қатаңдығы (жиілігі) өзгере ме? Неге?
2. Егер рентгендік түтік 150 кВ кернеуде жұмыс істесе, онда электронның 
кинетикалық энергиясы неге тең болар еді?
Жаттығу 6.4

238
ПРОЕКТ
3.  Егер рентген түтігінің анодтық кернеуі 30 кВ болса, онда рентген сәуле-
сінің ең қысқа толқын ұзындығы қандай болады?
4. Рентген сәулелерінің спектріндегі ең кіші толқын ұзындығы 1 нм болса, 
онда анодқа соғылатын электронның жылдамдығы қандай болады?
5. Тежелу рентгендік сәулесінің спектріндегі ең қысқа толқынның ұзын-
дығы 15,5 пм болса, онда рентген түтігі қандай кернеуде жұмыс жасайды?
1. Атомдар ертедегі грек ғалымдарының болжағанындай, заттардың 
химиялық қасиетін сақтайтын ең кішкентай бөлігі. Алайда атом бөлін-
бейтін бөлшек деген олардың пайымдаулары ХХ ғасырдың басында тә-
жірибе жүзінде теріске шығарылды.
Иондалған атомдар зарядтарының дискреттілігі, жылулық сәуле шы-
ғару, фотоэффект, рентгендік сәулелер, электронның ашылуы және бас-
қа да құбылыстар атомның құрылымы күрделі екенін айғақтайды.
Расында да, атом оң зарядты ядродан және теріс зарядты электрон- 
дардан  тұратынын  ағылшынның  ұлы  ғалымы  Резерфорд  пен  оның  шә-
кірттері  эксперимент  жүзінде  дәлелдеді.  Ол  туралы  келесі  параграфта 
толық айтылады. Бұл арада сөз атомның өзі ғана емес, тіпті оның ядро- 
сының да құрылымы күрделі екенін айғақтайтын 
радиоактивтік құбы-
лыс туралы болады.
2. ХІХ ғасырдың аяғында (1896 ж.) француз ғалымы Беккерель та-
биғаты ерекше тағы бір сәулеге тап болды. Менделеев кестесінің соңына 
қарай орналасқан уран элементінің өз-өзінен көзге көрінбейтін бөлшек-
тер мен сәулелерді шығарып жататыны анықталды.
1898  жылы  Пьер  Кюри  және  Мария  Склодовская  уран  кенінен  екі 
жаңа  химиялық  элемент 
радий  мен  полонийді  бөліп  алды.  Радий  сөзі 
гректің radiare – «сәулелену», «сәуле шығару» деген сөзінен алынған, ал 
полоний  сөзі  поляк  қызы  М.  Склодовскаяның  құрметіне  берілген.  Бұл 
екі элементтің ерекше сәуле шығару белсенділігі уранға қарағанда бірне-
ше мың есе артық болып шықты.
Радий немесе уран сияқты өздігінен ерекше сәуле шығарып тұратын 
химиялық элементтерді радиоактивті элементтер деп атайды.
Радиоактивті  элементтердің  ерекше  сәуле  шығаруын  радиоак-
тивті сәулелену дейді.
§42.
 
рАдИОАКтИвтіЛіК.
рАдИОАКтИвті СәуЛЕЛЕНудің тАБИҒАтЫ

239
ПРОЕКТ
Радиоактивті элементтердің шығаратын 
сәулесін  магнит  өрісінде  зерттегенде,  оның 
үш  түрге  жіктелетіні  белгілі  болды  (сурет 
6.11).  Оларды 
альфа-,  бета-  және  гамма- 
сәулелер дейді де, гректің   әріптерімен 
белгілейді.  Альфа-  және  бета-  сәулелерінің 
магнит  өрісінде  қарама-қарсы  бағыттарға 
бұрылуы,  олардың  оң  және  теріс  зарядты 
бөлшектер  екенін  аңғартты.  Шынында  да, 
β-сәуле  дегеніміз  теріс  зарядты  электрондар,  ал  α-сәуле  дегеніміз  оң 
зарядталған бөлшектер ағыны болып шықты. Сондықтан оларды кейде 
α- және  β-бөлшектері деп те атайды. Оның үстіне, -бөлшектің масса-
сы -бөлшектің массасына қарағанда мыңдаған есе кіші екені, олардың 
магнит өрісіндегі бұрылу бұрыштарын салыстыру арқылы анықталады. 
Кейінірек -бөлшегінің гелий атомының ядросы екені белгілі болды.
Гамма-сәулесі магнит өрісінде өзінің алғашқы бағытын өзгертпейді. 
Ол  жиілігі  рентгендік  сәуле  жиілігінен  де  жоғары  ең  қысқа  толқынды 
электрмагниттік  сәулелер  ағыны  болып  табылады.  Сондықтан  гамма-
сәуленің денелерден өтімділігі рентгендік сәулелердікінен де артық.
Радиоактивтік  –  атомдардың  ғана  емес,  олардың  ядроларының  да 
күрделі құрылымын айғақтайтын бірден-бір құбылыс. Жоғарыда айтыл-
ған радиоактивті элементтердің шығаратын сәулелері атом ядросы ыды-
рауының нәтижесі болып табылады.
Кейбір  химиялық  элементтердің  ядроларының  -,  -  және  -сәуле-
лерін шығару құбылысын радиоактивтік, ал сәулелердің өздерін радио-
активті сәулелер деп атайды.
1.  Атомның  күрделі  құрылым  екенін  көрсететін  қандай  экспе-рименттік 
нәтижелерді білесіңдер?
2. Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену деге-німіз не?
3. Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
4. Радиоактивтік дегеніміз қандай құбылыс?
1.  Зарядталған  бөлшектердің  ауытқуы  6.11-суретте  көрсетілгендей  болу 
үшін  магнит  өрісінің  индукция  векторы  қалай  бағытталуы  керек? 
Мұндай жағдайда бөлшектерге қандай күш әрекет етеді?
Cурет 6.11.
Радиоактивті сәулелер
Сұрақтар
?
Жаттығу 6.5

240
ПРОЕКТ
2. Радиоактивті препаратты не себептен алюминий контейнерлерде емес, 
қалың қабырғалы қорғасын контейнерлерде сақтайды?
1.  Электрмагниттік  толқындар  шкаласындағы  мәліметтерді  пайдаланып, 
радиоактивті  заттардан  шығатын  гамма  сәулесінің  энергиясын  анық-
таңдар да, оны рентген және ақ жарықтың энергияларымен салысты-
рып, қорытынды жасаңдар.
2. Зарядтардың, тогы бар өткізгіштің магнит өрісіндегі қозғалысы туралы 
8-сынып физикасындағы білімдеріңді еске түсіріп, қайталап оқыңдар.
1.  ХХ  ғасырдың  басында  ғалымдардың  алдына  мынадай  мәселелер 
қойылды: атом күрделі болса, оның құрамы қандай? Атом қандай бөл-
шектерден тұрады және олар қалай орналасқан? 
Бұл  сұрақтардың  жауабы  эксперименттік  және  теориялық  зерттеу 
нәтижесінде табылды. Атом құрылысы туралы қазіргі көзқарастың қа-
лыптасуына -бөлшектердің өте жұқа металл ұлпасынан өтуін зерттеген 
Резерфорд тәжірибесінің маңызы өте зор болды. 
1911  жылы  Эрнест  Резерфорд  және  оның  шәкірттері  -бөлшектері- 
нің өте жұқа алтын және платина ұлпаларынан өтуін зерттеді (сурет 6.12).
Ф
K
M
Э

Cурет 6.12. Резерфорд тәжірибесінің сұлбасы
а)                                                       ә)
Теориялық зерттеу
§43.
 
рЕЗЕрФОрд тәжірИБЕСі. АтОМНЫң ҚҰрАМЫ

241
ПРОЕКТ
K контейнердегі радий элементі -бөлшектерін шығарады. Саңылаудан 
өткен  -бөлшектері  жолына  қойылған  алтын  ұлпасына  (фольгасына) 
жеткен  кезде  олардың  біразы  алғашқы  бағытын  өзгертіп,    бұрышына 
шашырайтыны белгілі болды. Кейбір бөлшектердің, сирек те болса, тік-
бұрыштан да үлкен бұрыштарға бұрылатыны экранда анық байқалды.
2.  Бөлшектердің  жұқа  металл  жарғақшаларынан  шашырауын  зерт-
тей отырып, Резерфорд атом массасы үлкен оң зарядталған ядродан және 
теріс зарядталған жеңіл электрондардан тұрады деген қорытынды жаса-
ды. Расында да, массасы аса үлкен және атомның өте шағын көлемін ала- 
тын бөлігі ғана -бөлшектерінің кейде үлкен бұрышпен кері шашырауы-
на себепкер болады. Оның үстіне атомның бұл кішкене бөлігінің заряды 
оң,  ал  массасы  -бөлшектің  массасына  қарағанда  тым  үлкен  болуға 
тиіс (сурет 6.12, ә). Сонда ғана оң зарядты -бөлшектер сирек те болса, 
үлкен  бұрыштарға  бұрыла  алады.  Ал  электрондардың  зарядтары  теріс, 
массалары өте аз болғандықтан, массасы үлкен -бөлшектердің бағытын 
өзгертуге олардың ықпалы онша болмайды. 
3.  Көптеген  тәжірибе  нәтижесін  талдай 
келіп,  1911  жылы  Резерфорд  Күн  жүйесіне 
ұқсас  атомның  планетарлық  моделін  ұсын- 
ды.  Ондай  модель  бойынша  атом  оң  заряд-
талған  ядродан  және  оны  айналып  жүретін 
теріс зарядты электрондардан тұрады (сурет 
6.13).  Ядро  төңірегіндегі  мұндай  электрон-
дарды 
орбиталық электрондар деп атайды, 
ал олардың жиынын 
электрондық қабықша 
дейді.
Ядро  атом  көлемінің  өте  кішкене  орталық  бөлігін  алып  тұрады. 
Ядроның диаметрі 10
–12
 – 10
–13
 см, ал атомның диаметрі 10
–8
 см шама-
сында. Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына дейін үлкей-
тетін болсақ, атом ядросының көлемі футбол алаңының ортасында түсіп 
қалған шие дәніндей ғана болар еді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша 
атом ядроларының заряды:
                                            q
я
 = +
Z · e 
 
                      (6.6)
шамасына  тең.  Мұндағы 
Z  –  Менделеев  кестесіндегі  элементтің  реттік 
саны, 
e  –  экспериментте  анықталған  зарядтың  ең  аз  мөлшері,  оны 
«элементар заряд» деп атайды.
Ядро  зарядының  бүтін 
Z  санына  еселенетіні  оның  біртұтас  бөлшек 
Cурет 6.13. Атомның 
планетарлық моделі
Электрон
Ядро

242
ПРОЕКТ
емес,  бірнеше  бөлшектерден  тұратынын  аңғартады.  Расында  да,  атом-
ның өзі сияқты оның ядросы да құрамдас бөлшек болып шықты.
Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді протондар деп 
атайды.
Бейтарап  (нейтраль)  атом  ядросының  оң  зарядын  орбиталдық  элек-
трондардың  теріс  заряды  теңгеріп  тұрады.  Сондықтан  электрондық  қа-
бықшадағы  теріс  зарядтардың  қосындысы  кері  таңбамен  алынған  ядро 
зарядына тең:
                                          q
э
 = –
Z · e
 
                      (6.7)
Жоғарыдағы (6.1) және (6.2) өрнектерінен мынадай қорытынды шы-
ғады:
– 
әрбір электронның немесе протонның зарядын бір элементар заряд 
деп атайды (e = 1,6 · 10
–19
 Кл);
– 
кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол 
элементтің Менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең болады.
Мысалы, сутектің кестедегі реттік саны бірге тең (
Z = 1), ендеше оның 
ядросында  бір  ғана  протон  бар.  Олай  болса,  бір  протон  бір  оң  элемен-
тар зарядты иеленеді. Сондықтан сутек атомының жалғыз электроны да 
бір теріс элементар зарядты иеленеді. Уранның реттік саны 
Z = 92 бол-
ғандықтан, оның ядросында 92 протон бар.
Сондықтан  бейтарап  уран  атомының  ядросының  заряды  92  элемен-
тар  зарядқа  тең  (
q
я
  =  92  · 
e).  Ендеше,  уран  ядросын  айнала  қоршаған 
92 электронның да зарядтары қарсы таңбамен алынған осыншама заряд-
қа тең (
q
э
 = –92 · 
e).
1. Резерфорд тәжірибесінің мәнділігі қалай сипатталады?
2. Атом қандай бөлшектерден тұрады?
3. Атомның планетарлық моделі дегеніміз қандай құрылым?
4.  Протонның,  электронның  және  атом  ядросының  зарядтары  неге  тең? 
Атомның және оның ядросының мөлшері туралы не білесіңдер?
1. Бейтарап бор элементінің атомында қанша протон, канша электрон бар?
Жаттығу 6.6
Сұрақтар
?

243
ПРОЕКТ
2.  Бейтарап  көміртек  элементінің  атомындағы  бөлшектердің  зарядтары 
бар ма? Бар болса шамалары қандай?
3.  Атомның  құрамында 15 протон, 13 электрон бар. Бұл қандай химиялық 
элементтің атомы? Бұл атомның заряды бар ма? Бар болса ол қандай 
заряд? Шамасы қанша?
4. Зарядталған жазық конденсатордың астарларының арасындағы газдың 
бейтарап  екі  атомы  соқтығысып,  біреуі  екі  электронынан  айырылды. 
Босаған электрондардың бірін екінші атом өзіне қосып алды. Жеке қал-
ған электрон және пайда болған иондар конденсатордың электр өрісінде 
қалай қозғалады? Суреттерін салып түсіндіріңдер.  
5.  Алдыңғы  есептің  шартында  көрсетілген  жеке  электрон  мен  пайда 
болған екі ионның әрқайсысы конденсатор астарларының арасында по-
тенциалдар айырымы 10 В болатын аралықтан өтсе, онда оларды қоз-
ғалту үшін электр өрісі қанша жұмыс атқарған?

244
ПРОЕКТ
VI тараудағы ең маңызды түйіндер
•  Планк  гипотезасы:  абсолют  қара  дене  жылулық  сәулелерді  үздіксіз 
шығара  да,  жұта  да  алмайды;  оларды  үзікті  (дискретті)  үлес  –  квант 
түрінде  ғана  шығарады  немесе  жұтады.  Сәулелер  арқылы  тарайтын  ең 
кіші бір үлес энергия квант деп аталады.  
• Энергияның ең кіші бір үлесі Планк формуласымен анықталады:
Е
0
 = 
hν,  
мұндағы ν – сәуленің жиілігі, 
h = 6,62 · 10
–34
 Дж · с – Планк тұрақтысы.
Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы:
hν = А + 
mv
2
2
,
мұндағы 
hν – энергия кванты, А – электронның шығу жұмысы, m және v – 
шыққан электронның массасы мен жылдамдығы.
• Бейтарап атомның ядросының заряды мен электрондарының заря-
ды:
q
я
 = +
Z · e,
q
э
 = –
Z · e,
мұндағы 
Z – элементтің Менделеев кестесіндегі реттік саны, e – элементар 
заряд.

245
атОм  ядрОСы
VIІ т а р а у
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
ПРОЕКТ
Оқушылар меңгеруге міндетті БаҒдарламалық мақСаттар:
–   ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау;
–   атом ядросының масса ақауын анықтау;
–   атом ядросының  байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда 
қолдану;
–   ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сан-
дардың сақталу заңын қолдану;
–   радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;
–   радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану;
–   тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;
–   ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау;
–   ядролық ыдырау  мен ядролық синтезді салыстыру;
–   радиоактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
–   радиациядан қорғану әдістерін сипаттау.

246
ПРОЕКТ
Бұл  тарауда  оқушылар  терең  игеруге  міндетті  алдыңғы  бетте  көр-
сетілген  бағдарламалық  оқу  мақсаттарымен  қатар,  әр  оқушының  есінде 
ұзақ  сақталуға  тиісті  мына  физикалық  ұғымдар  қарастырылады:  «ядро- 
лық  күштер»,  «масса  ақаулары»,  «байланыс  энергиясы»,  «массалық  сан, 
зарядтық  сан»,  «массалық  және  зарядтық  сандардың  сақталу  заңы», 
«радио-активті  ыдырау»,  «радиоактивті  ыдырау  заңы»,  «тізбекті  ядро- 
лық  реакция»,  «ядролық  реактор»,  «ядролық  ыдырау,  ядролық  синтез», 
«радиоактивті изотоптар», «радиациядан қорғану».
Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын  
тілдеріндегі минимумы
қ а з а қ ш а
О р ы с ш а
а ғ ы л ш ы н ш а
ядролық күштер
ядерные силы
Nuclear Forces
масса ақаулары
дефект масс
Defect of masses
Байланыс энергиясы
Энергия связи
Energy of communication
массалық сан,
зарядтық сан
массовое число, 
зарядовое число
Mass number,
charge number
массалық 
және зарядтық 
сандардың сақталу заңы
закон сохранения 
масового и зарядового 
чисел
The law of
conservation of the
mass and charge
numbers
радиоактивті ыдырау
радиоактивный распад
Radioactive decay
радиоактивті ыдырау 
заңы
 закон радиоактивного 
распада
The law of
radioactive decay
тізбекті ядролық реакция Цепная ядерная реакция
Chain nuclear reaction
ядролық реактор
ядерный реактор
Nuclear reactor
ядролық ыдырау, 
ядролық синтез
ядерный распад,
ядерный синтез
Nuclear decay,
nuclear synthesis
радиоактивті изотоптар
радиоактивные изотопы
Radioactive Isotopes
радиациядан қорғану
защита от радиации
Protection against
radiation

247
ПРОЕКТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет