Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата12.03.2020
өлшемі5,74 Mb.
#60009
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Fiz 9KZ

§46.
 
ядрОЛЫҚ рЕАКцИяЛАр

259
ПРОЕКТ
лардың  ішкі  энергияларын  босатудың  басқа  да  жолын  көрсетеді.  Ол  – 
жеңіл  элементтердің  ядроларын  біріктіру  жолы.  Жұлдыздар  мен 
Күннің  орасан  зор  энергия  шығаруы  нақ  осы  жеңіл  элементтер  ядро-
ларының бір-біріне бірігуіне байланысты туындайды. Бірігетін ядролар 
массаларының  қосындысы  түзілген  жаңа  ядроның  массасынан  үлкен 
болғандықтан, жеңіл ядролардың бірігуі кезінде туындайтын ∆
m масса-
сының өзгерісі есебінен орасан зор термо-ядролық энергия алынады:
Е = ∆m · 931 МэВ.
Жеңіл  ядролардың  бірігуі  (синтезделуі)  барысында  алынатын  энер-
гияны  адам  мүддесіне  сай  ырыққа  көндіру  жолы  әзірше  табылмай 
отыр.  Ядролық  энергияның  бұл  түрі  қазіргі  жағдайда  басқарусыз,  тек 
сутек  бомбасы  жарылғанда  ғана  алынады.  Жеңіл  ядроларды  бір-біріне 
біріктіру  реакциясы  аса  жоғары  миллиондаған  (градус)  температурада 
орындалатындықтан,  ондай  ядролық  реакцияны  термоядролық  синтез 
деп  атайды.  ХI  ғасырда  ғалымдардың  алдында  энергияның  таусылмас 
көзі  қолдан  басқарылатын  термоядролық  реакторларды  жасау  міндеті 
тұр. Бұл мәселе шешілетін болса, Жер бетіндегі сутектің энергетикалық 
қоры 20 млрд жылға жететіні есептелген.
4.  ХХ  ғасырдың  30-жылдары  ауыр  ядроларды  басқа  бөлшектермен 
атқылау арқылы ірі жарықшақтарға бөлу туралы ой туды. Ондай ойдың 
тууына уран ядроларындағы бір нуклонға келетін байланыс энергиясы-
ның аздығы және бір-бірінен тебілетін оң зарядты протондардың молды-
ғы себепкер болды.
Сөйтіп, уран ядросын бөлу үшін жаңадан ашылған нейтронды пай-
далану  көзделді.  Өйткені  оң  зарядты  протондар  мен  -бөлшектерге  қа-
рағанда,  бейтарап  нейтрон  ядроларға  оңай  өте  алады.  Шынында  да, 
1938  жылдың  18  желтоқсанында  уран  ядроларын  нейтрондармен  ат-
қылағанда, олардың екі үлкен бөліктерге бөлініп, басқа химиялық эле-
менттерге айналатынын неміс ғалымдары О. Ган мен Ф. Штрассман тәжі-
рибе  жүзінде  ашты.  Бұл  күнді  ядролық  энергетика  заманының  бастау 
күні десе де болады.
Ядроларды  бөлу
 деп оны нейтрондармен атқылау арқылы жеке-
леген екі немесе үш жарықшақтарға ажырату-ды айтады.
Расында  да,  уран-235  ядросын  нейтронмен  атқылау  барысында  (су-
рет 7.2) оның екі химиялық элементке (барий мен криптонға) түрленгені 
ашылды.
Бөліну барысында уран ядросы жарықшақтармен қоса 2-3 нейтрон-
ды шығарады. Бұл нейтрондар ядролардың бөліну реакциясын одан әрі 
жалғастыру үшін ерекше рөл атқарады.

260
ПРОЕКТ
Cурет 7.2. Уран ядросының бөлінуі
Энергия
92
235
U
92
236
U
0
1
n
56
141
Ba
36
92
Kr
Туынды нейтрондардың қатысуымен ядролардың тасқынды жа-
рылуы тізбекті ядролық реакция деп аталады.
Ядролық  энергияны  босатып  практикада  қолдану  үшін 
92
235
92
238
U,
U  
уран  изотоптары  мен 
94
239
Pu   плутоний  ядроларының  маңызы  өте  зор. 
Уран-235  пен  плутонийдің  ядролары  энергиялары  0,1 эВ  шамасындай 
(жылдамдығы 2000–3000  м/с) болатын 
баяу нейтрондармен соқтығыс-
қанда  оңай  бөлінетіні  белгілі  болды.  Баяу  нейтрондарды  кейде 
жылу-
лық нейтрондар деп те атайды.
5. Ядролық реакциялар орын алғанда, яғни ауыр ядролар түрленіп 
бөлінгенде немесе ыдырағанда, жеңіл ядролар қосылып біріккенде мына 
екі заң үнемі сақталады:
1) 
бөлінетін  (бірігетін)  ядролардың  (бөлшектердің)  зарядтық 
сандарының  қосындысы  туынды  бөлшектердің  зарядтық  сандары-
ның қосындысына тең болады (заряд-тық санның сақталу заңы):
                           ΣZ
n  (алғашқы бөлшектер)
 = 
ΣZ
к  (туынды бөлшектер)
 = const;                (7.6)
2) 
бөлінетін (бірігетін) ядролардың (бөлшектердің) массалық сан-
дарының  қосындысы  туынды  бөлшектердің  массалық  сандарының 
қосындысына тең болады (масса-лық санның сақталу заңы):
                             ΣА
n  (алғашқы бөлшектер)
 = 
ΣА
к  (туынды бөлшектер)
 = const.              (7.7)
Мұндағы: Σ
Z
n
 – ядролық реакцияларға қатысатын алғашқы «
n» бөл-
шектердің  зарядтық  сандарының  қосындысы;  Σ
Z
к
  –  ядролық  реакция-
дан кейін пайда болған туынды «к» бөлшектердің зарядтық сандарының 
қосындысы; Σ
А
n
 – ядролық реакцияларға қатысатын алғашқы «
n» бөл-
шектердің массалық сандарының қосындысы;  Σ
А
k
 – ядролық реакция-
дан кейін пайда болған туынды «
к» бөлшектердің массалық сандарының 
қосындысы.
Мысалы, бөлінуге дейінгі бөлшектердің 
Z зарядтық және А массалық 

261
ПРОЕКТ
сандары  қандай  болса,  жаңадан  пайда  болған  бөлшектердің  зарядтық 
және  массалық  сандарының  қосындылары  да  сондай  болатынын  уран-
235 ядросының бөліну реакциясынан анық байқаймыз:
0
n


92
U
235
 → 
92
U
236
 → 
36
Ba
141 

56
K
r
92 
+ 3
0
n
1
.
Расында да:
Z = 0
нейт. 
+ 92
уран 
= 92 = 36
барий 
+ 56
криптон 
+ 0
нейтрон 
= 92;
А = 1
нейт. 
+ 235
уран 
= 236 = 141
барий
 + 92
криптон
 + 3
нейтрон
 = 236.
6.  Уран-235  ядросының  бөліну  мысалында  тізбекті  ядролық  реак-
циясының (7.3-сурет) өту барысын сипаттайық. Уран изотопы 
92
235
U  баяу 
нейтрондармен соқтығысқан кезде оны ядросына қосып алады да, тұрақ-
сыз уран-236 изотопына айналады:
92
235
92
236
U +
U.
0
1
n

Алайда  жаңа  нейтронды  ядросына  қосып  алған  уран-236  изотопы 
өте орнықсыз қозған күйге ауысады. Соның салдарынан ол бірнеше жа-
рықшақтарға бөлінеді:
92
236
56
144
0
1
U
Ba +
Kr + 2 ·
.
36
90

n
                             
уран         барий   криптон  екі нейтрон
Жарықшақтардағы, яғни жаңадан пайда болған жеңіл ядролардағы 
нейтрондар саны олардың табиғи нормаларынан артық болып шығады. 
Сондықтан қозған ядролар бірден артық нейтрондардан арылуға тыры-
сады. Осылайша ядро бөлінгенде 2–3 
жылдам нейтрондар босап шыға-
ды. Туынды нейтрондардың жылдамдығы аса үлкен болғандықтан, уран- 
ның жарылмаған ядролары оларды өздеріне қосып алуға үлгере алмай- 
ды. Сондықтан тізбекті бөліну реакциясы жалғасын табу үшін жылдам 
нейтрондарды  тежеп,  баяу  (жылулық)  нейтрондарға  айналдыруға  тура 
келеді.
Жылдам  нейтрондардың  кинетикалық  энергиясын  азайтып,  жыл-
дамдықтарын кеміте алатын, материалдарды тежегіштер (баяулат-
қыштар) деп атайды. 
Жақсы  тежегіштер  қатарына  графит  түріндегі  көміртек,  су  және 
бериллий  жатады.  Тежегіштерден  өткен  нейтрондардың  жылдамдығы 
кеміп,  жылу  нейтрондарына  айналады.  Олар  өз  кезегінде  жолындағы 
уран-235  ядроларына  соғылып,  тізбекті  бөліну  реакциясы  жалғасын 
табады. Алғашқы ядро жарылғанда 2–3 нейтрон босайды да, олар келе- 
сі  ядроларды  жарады.  Осылайша  туынды  нейтрондардың  қатысуымен 
ядролардың тасқынды бөлінуі жалғаса береді (сурет 7.3).

262
ПРОЕКТ
Cурет 7.3. Тізбекті ядролық реакция
Уранның  әр  ядросы  бөлінгенде  аса  мол  энергия  (200  МэВ)  босап 
шығатынына  көз  жеткізейік.  Уранның  меншікті  байланыс  энергиясы 
7,6  МэВ/нуклон  шамасына  тең.  Ал  уран  сынықтарының  массалары 
одан екі есе кіші десек, олардың орташа меншікті байланыс энергиясы 
8,5  МэВ/нуклон  болады  (сурет  7.1).  Сонда  бөлінетін  ядро  мен  бөліну 
жарықшақтарының  (туынды  ядролардың)  арасындағы  бір  нуклонға 
шаққандағы энергия айырымы ∆
Е = (8,5 – 7,6) МэВ = 0,9 МэВ болады. 
Уран-236 изотопының бір ядросында 236 нуклон бар. Ендеше, уранның 
бір ядросы бөлінгенде 0,9 МэВ • 236 = 200 МэВ энергия босайды.
Босаған энергия туынды бөлшектердің (ядролардың, нейтрондардың) 
кинетикалық  энергиясынан  және  гамма-кванттардың  электрмагниттік 
энергияларынан тұрады.
1. Ядролық реакциялар деп қандай реакцияларды айтады? Оның қандай 
түрлері бар?
2. Уран ядросының ерекшеліктері қандай?
3. Бөліну және біріктіру (синтездеу) реакцияларында не себептен аса мол 
энергия босап шығады?
4. Ядролардың бөлінуі деп нені айтамыз? Ядро бөлінгенде қандай бөлшектер 
пайда болады?
5.  Ядроны  бөлуге  неліктен  нейтрон  таңдап  алынған?  Ядро  бөлінгенде  не 
себептен туынды нейтрондар пайда болады?
Сұрақтар
?

263
ПРОЕКТ
6. Тежегіштер дегеніміз не? Олар қандай мақсатта және не себептен қол-
данылады?
7. Тізбекті бөліну реакциясы деп қандай реакцияны айтады?
8. Уран ядросы бөлінгенде қанша энергия босайды? Оны массалар ақауы 
арқылы есептеп көріңдер.
9. Төмендегі мысалда келтірілген есептің шығару жолдарын түсіндіріңдер.
Есеп шығару мысалы
1-есеп. b
11
 + He
4
 → N
14
 + 
X реакциясын толықтырып жа-зыңдар.
Берілгені
11
B; 
4
He 
14

Z
X
A
 – ?
Есеп мазмұнын талдау
Менделеев кестесін пайдаланып, B
11
; He
4
; N
14
 элемент-
терінің  зарядтық  санын  (реттік  нөмірін)  анықтауға  бо-
лады. Олар аталған элементтер үшін мынаған тең:
Z
1
 = 5; 
Z
2
 = 2; 
Z
3
 = 7.
Белгісіз 
X бөлшегінің зарядтық санын Z деп белгілейік. Жоғарыда 
көрсетілген  үш  элементтің  массалық  сандары  есеп  шарты  бойынша 
мынаған тең: 
А
1
 = 11; 
А
2
 = 4; 
А

= 14. Белгісіз 
X бөлшектің массалық 
санын 
А деп белгілейік.
Енгізілген  белгілеулерді  пайдаланып,  реакция  формуласын  мына 
түрде жазамыз:
5
b
11
 + 
2
He
4
 → 
7
N
14
 + 
Z
X
A
 .
Массалық  санның  сақталу  заңын  (
А
1
 + 
А
2
 = 
А
3
 + 
А) осы реакцияға 
қолданып,  мына  теңдікті  аламыз:  11  +  4  =  14  + 
А.  Бұдан  А  =  1.  Сол 
сияқты зарядтық санның сақталу заңын (
Z
1
 + 
Z
2
 = 
Z
3
 + 
Z) осы реакцияға 
қолданып, мына теңдікті аламыз: 5 + 2 = 7 + 
Z. Бұдан Z = 0.
Белгісіз бөлшек мына таңбамен белгіленеді: 
0
X
1
.
Шешуі: 
Z
X


0
X
1
 = 
0
n
1
Ізделінді бөлшек нейтрон болып шықты.
Жауабы: нейтрон.

264
ПРОЕКТ
1.  Біз  жоғарыда  ауыр  ядролардың 
бөлінуі  туралы  баяндаған  едік. 
Ал  енді  ядролардың 
ыдырауы  дегеніміз  не  деп  сұрауымызға  болады. 
Ядролардың ыдырауы мен бөлінуінің арасында қандай ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар бар?
Олардың  ең  басты  ұқсастығы  ретінде  екі  жағдайда  да  ядролардың 
түрленетінін  айтуға  болады.  Екі  жағдайды  да  ядролар  түрленгенде  за-
рядтық  сандар  мен  массалық  сандардың  заңдары  қатаң  сақталады.  Ал 
айырмашылықтарын айтар болсақ, ядролардың ыдырауы табиғи процесс 
болса, бөлінуі оларды нейтрондармен атқылау арқылы орындалады. Со-
нымен қатар ядролардың табиғи түрленуі «радиоактивті ыдырау заңы» 
деп аталатын заңға бағынады, ал олардың бөлінуі бұл заңға бағынбайды.
2. 
Ядролардың  өз  бетімен  альфа,  бета  және  басқа  да  бөлшектер 
мен сәулелерді шығарып түрленулерін олардың радиоактивті ыдырауы 
деп атайды.
Ауыр  элементтер  ядроларының  ыдырау  жылдамдықтарын  сипаттау 
үшін 
жартылай ыдырау периоды деген шама енгізіледі. Оны Т әрпімен 
белгілейді.
Радиоактивті  изотоп  ядроларының  тек  жартысы  ыдырайтын 
уақыт осы изотоптың жартылай ыдырау периоды деп аталады.
Мысалы,  жартылай  ыдырау  периодтары:  Висмут-209  изотопы  үшін 
ол 
Т = 2 · 10
18
 жыл, висмут-210 изотопы үшін 
Т = 5 тәул., көміртек-14 
үшін 
Т = 5600 жыл, криптон-85 үшін Т = 10,6 жыл, лантан-140 үшін 
Т = 40,2 сағ, барий-140 үшін Т = 12,8 тәул.
Жартылай ыдырау периодының анықтамасына сәйкес изотоптың ал-
ғашқы 
N
0
 ядроларынан 
t = 1Т уақыт өткенде 
N
0
2
 ядро, 
t = 2Т уақыт өт- 
кенде 
N
0
2
: 2 =
N
0
2
2
 ядро, ал 
t = 10Т, яғни он жарты периодқа тең уақыт 
өткенде 
N
0
10
2
  ядро  қалады.  Қорыта  келгенде, 
п  жарты  периодқа  тең 
t = пТ уақыт өткенде ыдырамай қалған ядролардың санын жоғарыдағы 
зандылықтарға сүйене отырып, жалпы түрде былай жазамыз:
              
N
N
N
n
t T
=
=
0
0
1
2
1
2
·
·
.
/
 немесе 
n = t/T ескеріп, N 
N
N
N
n
t T
=
=
0
0
1
2
1
2
·
·
.
/
              (7.8)
Мұндағы 
N
0
 – ең алғашқы ядролардың саны, 
N – ыдырамаған ядро-
§47.
 
рАдИОАКтИвті ЫдЫрАу ЗАңЫ

265
ПРОЕКТ
лар  саны, 
t  –  ыдырау  уақыты,  Т  –  жартылай  ыдырау  периоды,  п  – 
жартылай ыдырау периодының 
t уақыт ішіндегі саны.
1902 ж. Э. Резерфорд пен Ф. Содди аш-
қан бұл өрнек 
радиоактивті ыдырау заңы 
деп аталады. Өрнекке кіретін шамалардың 
тәуелділік сызбасы математикада экспонен-
циалдық  қисық  деп  аталады  (сурет  7.4). 
Сонымен,  радиоактивті  элементтердің  яд-
ролары  экспоненциалдық  қисық  бойынша 
ыдырап,  басқа  элементтердің  ядроларына 
түрленеді.
3.  Радиоактивті  ыдырау  заңы  нақты 
атомның да, немесе азынаулақ атомдардың 
да ядроларының ыдырауларын сипаттай ал-
майды.  Бұл  заң  аса  көп  атомдардың  ядро-
ларының  ыдырауларын  ғана  сипаттайды. 
Өйткені  атом  ядросының  ыдырауы 
кездейсоқ  оқиға  болып  табылады: 
мысалы,  қазір  ыдырайды  деп  отырған  ядро  мыңдаған  жылдардан 
кейін  ыдырап,  ал  оның  есесіне  ыдырауы  күтілмеген  басқа  бір  ядро 
әп-сәтте  ыдырауы  мүмкін.  Міне,  осындай  кездейсоқ  орындалатын  құ-
былыстарды  сипаттау  үшін  математикалық 
ықтималдық  теориясы 
қолданылады.  Ықтималдық  теориясына  негізделген  заңдылықтар  тек 
аса көп бөлшектерден тұратын жүйелерде ғана орын алатын кездейсоқ 
құбылыстарды жалпы түрде сипаттай алады.
4. Тәжірибенің көрсетуі бойынша, өз бетімен табиғи ыдырайтын яд-
ролар  қатарын,  массалық  сандары  200-ден  асатын  химиялық  элемент- 
тердің  ядролары  түзеді.  Бұл  элементтердің  ядроларындағы  нуклондар-
дың  байланыс  энергиясы  периодтық  кестенің  орта  тұсындағы  элемент- 
тердің  байланыс  энергияларынан  аз  (сурет  7.1).  Сондықтан  олардың 
ядролары байланыс энергиясы үлкендеу болатын бөліктерге (жеңілірек 
ядроларға)  ыдырауға  бейім  тұрады.  Мысалы,  ондай  бөліктерге  Резер- 
форд  тәжірибесінде  ашылған  альфа-бөлшегі,  яғни  гелий  элементінің 
ядросы  (
2
Не
4
)  және  басқа  элементтердің  ядролары  жатады.  Ядролар  өз 
бетімен ыдырағанда да  зарядтың және массалық сандардың сақталу заң-
дары  қатаң  сақталады.  Осыған  орай  -
ыдыраудың  жалпы  формуласы 
былай жазылады:
                                   
Z
A
Z
A
X
He
Y
  ûäûðàó
α −





+
2
4
2
4
,                          (7.9)
мұндағы 
X – ыдырайтын ядро, А – массалық сан (нуклондар саны), Z – 
ыдырайтын  элементтің  зарядтық  саны  (периодтық  кестедегі  реттік  нө-
мірі), 
2
4
He  – туынды гелий ядросы (-бөлшегі), Ү – туынды ядро.
Cурет 7.4.
Ядролардың ыдырау графигі

266
ПРОЕКТ
Жоғарыдағы  формулаға  және  зарядтық  әрі  массалық  сандардың 
сақталу  заңдарына  сүйеніп,  уран-238  изотопы  ядросының  -ыдырау 
реакциясын жаза аламыз.
                        
92
238
2
4
90
234
U
He
Th
ûäûðàó
α
ν




+
h
уран                          гелий     торий    фотон
                      (7.10)
Уранның -ыдырау реакциясында зарядтық сандардың (төменгі ин-
декстер) сақталу заңының да (92 = 2 + 90), массалық сандардың (жоғарғы 
индекстер) сақталу заңының да (238 = 4 + 234) орындалатынын көреміз.
Альфа-ыдырауға қуатты ядролық күштер қарсы тұрады. Сондықтан 
элементтердің өз бетімен -ыдырауы өте баяу жүреді.
1.  Радиоактивті ыдырау деп қандай ыдырауды айтады? Оның ядроның бө-
ліну реакциясымен қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? 
2.  Жартылай ыдырау периоды деп қандай уақыт аралығын атайды?
3.  Радиоактивті  ыдырау  заңын  кімдер  ашты  және  оның  формуласы  мен 
графигі қалай өрнектеледі?
4. -ыдыраудың өрнектерін қалай жазамыз? Мұндай ыдырау не себептен 
туындайды?
5.  Төмендегі мысалдарда келтірілген есептердің шығару жолдарын түсінді-
ріңдер.
Есеп шығару мысалы
1-есеп.  Азот  изотопы 
7
13
N   –  радиоактивті  элемент.  Осы  изотоптың 
ядросы ыдырағанда, ядролық реакция мына си-патта жүреді:
7
13
6
13
N
C + ?

Массалық және зарядтық сандардың сақталу заңдарын пайдаланып, 
белгісіз  бөлшекті  анықтаңдар.  Ядроның  мұндай  түрленуі  ыдыраудың 
қандай түріне жатады?
(энергия).
Сұрақтар
?
Берілгені
6
13
C; 
А
2
= 13; 
Z
2
= 7 
Z
A
3
3
X
− ?
Есеп мазмұнын талдау
Белгісіз туынды бөлшекті 
Х деп белгілейік. Оның 
массалық саны 
А
3
, ал заряд саны 
Z
3
 болсын. Көрсе- 
тілген  белгілеулерді  ескере  отырып,  азот  ядросы-
ның  ыдырау  реакциясын  мына  түрде  жазайық: 
7
13
6
13
N
C + 
Z
A
3
3

,  мұндағы  А

=  13  –  азот  атомы  ядросының  массалық 
саны, 
А

= 13 – көміртек атомы ядросының массалық саны, 
Z
1
 = 7 – азот 

267
ПРОЕКТ
атомы ядросының зарядтық саны, 
Z
2
 = 6 – көміртек атомы ядросының 
зарядтың  саны.  Массалық  сандардың  сақталу  заңы  бойынша  мыналар-
ды аламыз:
А
1
 = 
А
2
 + 
А
3
 немесе 13 = 13 + 
А
3
, бұдан 
А
3
 = 0. 
Зарядтың сақталу заңы бойынша мыналарды аламыз:
Z
1
 = 
Z
2
 + 
Z
3
 немесе 7 = 6 + 
Z
3
, бұдан 
Z
3
 = 1.
Шешуі: Белгісіз бөлшектің массалық саны нөлге (А
3
 = 0), ал зарядтық 
саны бірге (
Z
3
 = 1) тең, яғни 
1
0
X . Эксперименттік зерттеулер мұндай бөл-
шектің  электронға 

( )
1
0
  кері  бөлшек 
+
( )
1
0
  екенін  анықтады.  Олардын 
массалары да, зарядтары (
е) да бірдей, алайда заряд таңбалары қарама-
қарсы  болып  келеді.  Бөлшектердің  мұндай  жұптарын 
антибөлшектер 
деп атайды. Электронның 

( )
1
0
 антибөлшегін позитрон 
+
( )
1
0
 деп атайды.
Қорытынды жауап: Азот атомының ядросы 
7
13
N ыдырағанда, көмір-
тек атомының ядросы 
6
13
C және позитрон 
+1
0
 пайда болады. Сондықтан 
мұндай ыдырау 
позитрондық ыдырау болып табылады:
                                
қ
7
13
6
13
N
C +
ïîçèòðîíäû
ûäûðàó
+1
0



.                   (7.11)
2-есеп. Радиоактивті элементтің ядроларының саны 8 тәулікте 4 есе 
азаяды. Оның жартылай ыдырау периодын табыңдар.
Берілгені
N
N
=




0
4
= 8 тәулік 
Т – ?
Есеп мазмұнын талдау
Радиоактивті ыдыраудың жартылай периодын анық-
тау үшін Резерфорд-Содди формуласын қолданамыз:
                      
N
N
t T
=
0
1
2
/
.
                     (1)
Есептің шартын ескеріп, бұл заңды былай жазамыз:
                
N
N
t T
T
0
0
8
4
1
2
1
4
1
2
=
=
/
/
;
 немесе 
1
2
1
2
2
8
=
/
.
T
           (2)
Шешуі:  Соңғы  өрнектегі  теңдік  белгісінің  екі  жағы  өзара  тепе-тең 
болғандықтан,  бөлшектердің  бөліміндегі  2  санының  дәреже  көрсеткіш-
тері де өзара тең болады: 2=8/
T; бұдан = 4 тәул.
Жауабы: 4 тәул.

268
ПРОЕКТ
Cурет 7.5
N, 10
6
60
30
   0
40    80    120  160
t,  c
1
2
Жаттығу 7.3
1. Мына ядролық реакциялардағы белгісіз бөлшектерді анықтаңдар.
6
12
1
1
6
13
1
1
11
22
2
4
C
H
C + ?
? + H
Na + He
+


2. Мына ядролық реакциялардағы белгісіз бөлшектерді анықтаңдар. Олар 
қандай ыдырауға жатады:
94
239
92
235
1
3
2
3
Pu
U +
H
He + ?
→ +

?
γ
3.  Мына ядролық реакцияларда энергия босай ма, әлде жұтыла ма?
7
14
2
4
8
17
1
1
3
6
1
1
2
4
2
3
3
7
2
4
5
10
0
1
N
He
O + H;
Li
H
He + He;
Li
He
B +
?
+

+

+

n
  Ескерту:  Реакциялардың  сол  жағындағы  бөлшектердің  массаларының 
қосындысы (∑m
сол
) оң жағындағы бөлшектердің массаларының қосын-
дысынан (∑m
оң
) артық болса (∑m
сол 
> ∑m
оң
), онда энергия босайды; кері 
жағдайда (∑m
сол 
< ∑m
оң
) энергия жұтылады.
4.  Уран  ядросы  бөлінгенде  пайда  болған  жарықшақтардың  жиынтық 
массасы  ядроның  массасынан  0,25  протон  массасына  кіші.  Уранның 
бір  ядросы  бөлінгенде  қанша  энергия  босап  шығады?  Егер  уранның 
тығыздығы  19,04  г/см
3
  болса,  онда    оның  1  см  көлеміндегі  ядро 
бөлінгенде қанша энергия босап шығады?
5.  Графикте  (сурет  7.5)  белгісіз  химия-
лық элементтің ядроларының ыдырау 
қисығы  көрсетілген.  Бұл  элементтің 
ыдырау периоды қандай шаманы құ-
райды? 1 мен 2 және 3 нүктелерінде 
берілген элементтің қанша ядролары 
ыдыраған?

269
ПРОЕКТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет