Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет41/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

не, қанша, неше, қай, қайсысы, қалай, қандай, қашаннан, қашанғы 
нешінші, 
т.б. осы түбірлерден өрбіген сұрау мəнді сөздер жатады. 
Н. Оралбай сұрау есімдіктерін түбір сөздеріне қарай топтастырады.
Сұрау есімдіктері морфолологиялық жағынан септелу, көптелу, 
тəуелдену жəне жіктелуі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. 
Олардың ішінде 
кім, не, қайсы, нешеу
 сияқты сұрау есімдіктері 
грамматикалық жағынан көптік, септік, тəуелдік жəне жіктік 
жалғауларымен түрленіп, өзгеруге бейім болса, 
қайдан, қайда, қалай,
 
т.б. сұрау есімдіктері толық түрленбейді.
Сұрау есімдіктері үнемі өзінің негізгі мағынасы – сұраулық мəнде 
қолданылмайды. Кей жағдайларда контексте сұраулық мағынадан 
ауытқып, заттар мен құбылыстар не амал, мекен, мезгіл, т.б. ұғымдар 
дəрежесінде де қолданылады. Мұндай жағдайда сұрау есімдіктеріне 
жауап болатын сөз олардың өз  бойынан жалпылама түрде сезіліп, 
заттық, белгілік, мекендік, мезгілдік, т.б. мағыналардың аңғарылуы 
арқылы беріледі. Мысалы: 
Қызыққан кісің кім, оны да мына Жирен-
ше танытты 
(М. Əуезов). 
Құдіретімді кім қостаса, досым, жа-
ным сол 
(М. Əуезов). Бірақ ондай жағдайда негізгі мағынасы сұрау 
болып келеді де, заттық немесе белгі ұғымы қосымша болады. Сұрау 
есімдіктерінің өзінің негізгі мағынасынан ауытқуы контексте таза 
синтаксистік қызметі тұрғысынан қаралатын мағыналық ерекшелік 
болып саналады. 
Сөйлеуші не сөйлемдегі субъекті басқа заттар мен құбылыстардан 
өздік есімдігі арқылы бөлініп көрсетіледі. Бұл есімдіктің басқа топ-
тардан ерекшелігі: бір ғана өз сөзінен жəне осы сөздің тəуелденген 


73
(
өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздерің, өздеріңіз, өздері
) түрлерінен 
жасалады. Өздік есімдіктерінің  үнемі тəуелдік жалғауында 
қолданылуы олардың белгілі бір сөздермен изафеттік тіркесте 
қолданылуына негіз болады. Мұндай жағдайда, яғни изафеттік 
тіркес құрамында өздік есімдігі басқа сөз таптарымен, атап айтқанда, 
зат есімдермен немесе зат есім орнына жұмсалатын сын есім, сан 
есім, есімшелермен грамматикалық байланыста болады. Изафеттік 
құрылымда өздік есімдігі тіркестің бірінші немесе екінші сыңары 
қызметінде де қолданылады. Мысалы: 
өз елі, өз жері, жақсының 
өзі, 
т.б. Өздік есімдігі жіктеу есімдіктерімен де изафеттік құрылымда 
қолданылады. Мысалы: 
мен өзім, сен өзің, біз өзіміз, олар өздері,
 т.б. 
Бұны да өздік есімдігінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. 
Заттар мен құбылыстарды жəне олардың сан, сапа, мезгіл, амал, 
мекен, т.б. белгілерін нақтылы түрде атамай, дүдамал, көмескі 
түрде көрсететін сөздер белгісіздік есімдіктері деп аталады. 
А. Байтұрсынұлы белгісіздік есімдіктерін танықтық есімдігі деп ата-
са, А. Ысқақов белгісіздік есімдіктерін мағыналары жағынан заттар 
мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мəнде айтыла-
тын сөздер ретінде анықтайды. 
Қазақ тіліндегі белгісіздік есімдіктеріне 
біреу, кейбір, кейбіреу, 
қайсыбір, бірнеше, бірдеме, əрбір, əрне, əркім, əрқалай, əлдене, 
əлдекім, əлденеше, əлдеқайдан, əлдеқашан, əлдеқалай
 тəрізді белгісіз 
мəнді сөздер жатады.
Белгісіздік есімдіктерінің өзіне тəн арнайы морфологиялық 
түрлену жүйесі болмағанымен, олардың əрқайсысы мағынасы 
жағынан қандай сөздер екеніне жəне қай сөздермен біріге 
қолданылуына байланысты əртүрлі сөз таптарына бейім бола-
тындықтан, сол сөз таптарының грамматикалық формалары-
мен түрленеді. Мысалы: 
Бірнешеуі жеткізбей жосып əлек етсе, 
кейбіреулері мойындарына түскен құрықтарды жұлып əкетіп, 
бар жылқыны үркітті 
(М. Əуезов). 
Күтушілер болса, əрқайсысы 
өзді-өз үйлеріне алатын қонақтардың руларын алдын ала білетін 
(М. Əуезов).
Сонымен, белгісіздік есімдіктерінің грамматикалық қосым-
шаларды қабылдауы олардың қолданылу мақсатына, яғни зат есім 
немесе сын есімнің орнына қолданылуына байланысты болады. 
Грамматикалық формалар да белгісіздік есімдіктерінің барлығына 
бірдей жалғана бермейді. Тəуелдік жалғаулары 
əлде, əлдекім, 
əлдеқайдан, əлдеқашан,
 т.б. белгісіздік есімдіктеріне мүлдем жал-


74
ғанбаса, 
бір, біреу, кей, кейбіреу 
сияқты белгісіздік есімдіктері 
тəуелдік жалғауын тек ортақ тəуелдеу түрінде ғана қабылдайды. 
Белгісіздік есімдіктері көптік, септік жалғауларын да біркелкі 
қабылдамайды. Мəселен, көптік жалғаулары белгісіз зат, құбылыс 
мəнін білдіретін 
бірдеме, бірнəрсе, біреу, əлдекім, əлдене, əркім, 
т.с.с 
белгісіздік есімдіктеріне жалғанса,  
əрқалай, əлдеқайдан, əлдеқалай, 
əлдеқашан
 тəрізді есімдіктерге мүлдем жалғанбайды. Септік 
жалғаулары да белгісіздік есімдіктерінің ішінде əлде, əлдеқалай 
сөздеріне мүлдем жалғанбайды. Белгісіздік есімдіктері жіктік 
жалғауын қабылдамайды. 
Болымсыздық есімдіктері заттар мен құбылыстардың бо-
лымсыздығын білдіреді. Болымсыздық есімдіктеріне 
түк, дым, 
дəнеңе, еш, ешкім, ешбір, ешнəрсе, ештеме, ешқандай, ешқайда, 
ешқайсысы
 тəрізді заттық жəне белгі ұғымдарына қатысты, əртүрлі 
жолмен жасалған сөздер жатады.
Морфологиялық түрлену жүйесі тұрғысынан болымсыздық 
есімдіктері көптік жалғауларын тек заттанған жағдайда, тəуелдік 
жалғауымен бірге қабылдайды. Мысалы: 
түктері жоқ, дымда-
ры қалмады, ештемелері қалмады,
 т.б. Тəуелдік жалғауларының 
да болымсыздық есімдіктеріне, оның жекеше түріне жалғану реті 
бірдей емес. Олардың ішінде
 ешкім, ешнəрсе, ештеме, дəнеме, түк 
сөздері ғана жекеше түрде тəуелдік жалғауларын қабылдайды. Мы-
салы: 
ештемесі, ешкімі, түгі, дəнеңесі, ешнəрсесі, 
т.б.  Болымсыздық 
есімдіктерінің ішінде заттық ұғым орнына қолданылатын 
ешкім, 
ешнəрсе, ештеме, дəнеңе, түк
 есімдіктері ғана барлық септік 
жалғауларын қабылдайды. Мысалы: 
ешкімге, ешнəрседен, 
ештеменің, дəнеңемен,
 т.б. Ал 
ешбір, ешбіреу, ешқандай
 белгісіздік 
есімдіктері, тəуелденген жағдайда болмаса, мүлдем септелмейді. 
Белгілі бір заттар мен құбылыстарды жинақтап айту үшін 
қолданылатын сөздер жалпылау есімдіктері деп аталады. Жалпылау 
есімдіктеріне
 бəрі, бар, барша, барлық, күллі, бүкіл, тамам, түгел 
тəрізді жалпылау мəнді сөздер жатады. 
Жалпылау есімдіктері жалпы есімдікке тəн заттық, белгі, сандық 
ұғымдардың ішінен, негізінен, белгі ұғымына қатысты болып
атрибутивтік мағынада қолданылады. Бірақ тəуелдік жалғауының 
үстемеленуі арқылы жалпылау есімдіктері заттық мағынада да 
қолданылады. Мысалы: 
бəрі, баршасы, бүкілі, барлығы, күллісі. 
Жалпылау есімдіктерінің сөйлемде қолданылу ретіне қарай 
əртүрлі грамматикалық формалармен түрленуі бірдей сипатта бол-


75
майды. Атап айтқанда, тəуелдік жалғауларын 
бар, барлық, барша 
есімдіктері ортақ тəуелдеу түрінде ғана (
баршамыз, барлығымыз, 
бəріміз
) қабылдайды. Жалпылау есімдіктерінің ішінде 
бүкіл, күллі, 
тамам
 сөздері түрленбейтін сөздер ретінде танылғанымен, заттанған 
жағдайда бұл сөздер де тəуелдік жалғауларын қабылдайды. Мыса-
лы, 
бүкілі (жиналды), күллісі (келді), тамамы (риза болды).
 Септік 
жалғаулары жалпылау есімдіктеріне тек тəуелдік жалғауынан 
кейін ғана жалғанып, жалпылау есімдіктері тəуелдеулі зат есімдер 
жүйесімен септеледі. Мысалы: 
баршамыздың, барлығына, бəрімізді, 
т.б. Жалпылау есімдіктері жіктік жалғауларын мүлде қабылдамайды. 
Синтаксистік жағынан есімдіктер орынбасар сөз табы ретінде қай 
сөз табының орнына жұмсалуына байланысты сөйлемде белгілі бір 
сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады. Атрибутивтік есімдіктерге 
қарағанда, субстантивтік есімдіктер тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер 
қызметін атқарады. Ал атрибутивтік есімдіктер, негізінен, 
анықтауыштық қызмет атқарып, тек заттанған жағдайда ғана басқа 
сөйлем мүшелері қызметін атқарады.
Есімдіктердің грамматикалық қызметіндегі бір ерекшелігі 
– дейксистік қызмет атқаруы. Дейксис (грек. deixis – көрсету) – 
лексикалық жəне грамматикалық құралдар арқылы берілетін тіл 
бөлігінің мағынасын не қызметін көрсету. Бұл қызмет жіктеу жəне 
сілтеу есімдіктеріне тəн. 
Есімдіктер қай сөздің орнына қолданылуына байланысты 
анафоралық қызмет атқарады. Есімдіктің бұл қызметі оның орынба-
сар сөз табы ретіндегі ерекшелігімен байланысты анықталады.
Субстантивтену, адвербиалдану, адъективтену құбылыстары 
сияқты прономиналдану құбылысы да сөздің мағынасы мен 
грамматикалық сипатынан туады. Бұл құбылыс басқа сөздердің 
есімдікке ауысуы негізінде жүзеге асады. Қазақ тіліндегі есімдіктер 
қатарына басқа сөз таптарынан прономиналдану арқылы ауысқан 
сөздер көп. Мысалы:
 бір, біреу, кей, бар, күллі, 
т.б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет